Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Ержан Сапарбекұлы Сәденов Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны аталған департаменттің жеке құрамына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары,  полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов таныс-тырды.
Ержан Сәденов әр жылдары Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде басшылық лауазымдарды атқарды, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.  
Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің бастығы лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментін басқарды.

Ақмола облыстық  ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар