Көкшенің биігіне шықты

1992 жылдың 4 маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа рәміздері бекітілгені белгілі. Содан бері жыл сайын бұл күн тәуелсіз елімізде Мемлекеттік рәміздер күні ретінде кеңінен атап өтіледі.

Биылғы Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Ақмола облыстық филиалының бір топ қызметкерлері Бурабай курортты аймағындағы таулардың ең биік жотасы – Көкше шыңына шығып, оның басына Мемлекеттік рәміздерімізге арналған баннерді орнатты. «Әрбір қазақстандықтың міндеті – мемлекеттік рәміздерімізге құрметпен қарап, отансүйгіштік қасиетімен танылу», – деді банк филиалының директоры Бектұрған Бозтериев осы бір тебіреністі сәтте сөйлеген сөзінде. Айтарлықтай дайындықты қажет ететін биіктігі 947 метрлік шыңның басына шыққан банк мамандары ескерткіш суретке түсті.

«Арқа ажарының» өз  ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар