Жүйелі жұмыс нәтижесі

Астананың іргесіндегі  Целиноград ауданында тұрғындар  саны күрт өсіп отыр. Соған орай, халық тығыз орналасқан, осыған байланысты әртүрлі мәселер де көп туындайтын  мұндай жерде жұмыс істеу полиция қызметкерлеріне де оңай соқпайтыны анық.

 

Аталмыш ауданның ішкі істер бөлімі құрамында 17 учаскелік полиция пункті бар. Соның ішінде, Қараөткел, Қосшы, Талапкер мен Қоянды округтерінде  10 полиция пункті  орналастырылған. Ауданында жаңадан құрылған  жергілікті полиция қызметіне жыл басынан бері Ермек Медеу-баев жетекшілік жасап келеді.
Полиция майоры Ермек Мұратбекұлы осы ауданда 2001 жылдан бері жемісті еңбек етуде. Алғашқы қызмет сатысы осы ішкі істер бөлімі кезекшісінің көмекшілігінен басталса, бара-бара ол көші-қон бөліміне басшылық жасап, аудандық бөлім бастығының кадрлар жөніндегі орынбасарлығына дейін көтерілді.
Жергілікті полиция қызметінің жүгі жеңіл емес. Себебі, Астананы жағалай қоршап жатқан Ақмола облысының маңдайалды ауданында қылмыстың алдын алу үлкен жауапкершілік пен асқан қырағылықты талап етеді. Құқық қорғау қызметкерлері «Тұрмыс», «Алкоголь», «Құқықтық тәртіп» сияқты түрлі мемлекеттік іс-шараларға белсене атсалысып келеді. Әрине, жаңа міндеттеріне кіріскеніне көп уақыт бола қоймаса да, жыл басынан бері түрлі тәртіп бұзушылықтың 1400 оқиғасын анықтаған. Мәселен, қоғамдық орындарға мас күйінде бару, тазалық ережесін бұзу, көшеттерді сындыру, құжатсыз жүру. Учаскелік инпекторлар биылғы жылы ішімдікке әуес 5 адамның ісін сотқа берген. Жаздың бас кезінде айыптылардың  3-уі міндетті түрде ем алуға жүгіндірілді.
Жаңа жүйе бойынша учаскелік инс-пекторлар жергілікті жерлерге барып профилактикалық шаралар жүргізумен қатар, балалардың жазғы демалыстарына да жіті назар аударуда. Осылайша жергілікті полиция қызметі адамдардың мүддесі мен құқықтық тәртіпті нығайту жолында  талап үдесінен табылуда.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар