Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері!

 Кәсіби мерекелеріңізге орай, шын жүрегімнен шыққан жылы лебізім мен тілегімді қабыл алыңыздар.
Бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз күні, қадірлі баспасөз және электронды ақпарат құралдарының, телевидение, радио, телекоммуникация және пошта байланысы саласының қызметкер-лері – баршаңызға еліміздегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда, қоғамдық ынтымақтастықты нығайтып, саяси тұрақтылықты сақтауда қосып келе жатқан  елеулі үлестеріңіз үшін үлкен алғысымды айтқым келеді.
Сіздердің кәсіби жоғары біліктіліктеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында халықтың ақпараттану деңгейі артып, адамдардың бір-бірімен байланыс аясы кеңеюде.
Биылғы жылы Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткелі отыр. Осы ширек ғасыр уақыттың ішінде еліміз ауыз толтырып айтарлықтай көптеген жетістіктерге қол жеткізді және сол жетістіктерде сіздердің де қосқан қомақты үлестеріңіз бар. Сіздердің әлеуметтік белсенді ұстанымдарыңыз елімізде қолға алынған прогрессивті идеялардың жүзеге асуына әрдайым елеулі ықпалын тигізуде. Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарында дамудың қарқынды жолымен жүріп келеді және қазіргі заманның талаптарына сай әлемнің озық 30 елінің санатына кіру мақсатын нақты бағдар етіп ұстануда.
Сіздердің таланттарыңыз бен іскерліктеріңіз, жоғары моральдық ұстанымдарыңыз Мемлекет басшысы алға қойған биік міндеттерді жүзеге асырып, Отанымыздың гүлденіп өркендеуіне одан әрі де көмектесе береді деп сенемін.
Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, рухани сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй, қызықты да жемісті идеялар мен соны жүзеге асырудағы кең мүмкіндіктер тілеймін!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Қадірлі байланыс және ақпарат қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Бұл мерекені тек бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар, барлық оқырмандар мен көрермендер мерекелеуге құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралдары адамдардың ой-санасын қалыптастыруға, демократиялық тұрақтылықты нығайтуға, рес-публикада азаматтық қоғамның қалыптасуына, еліміздегі көп ұлттың бірлігін нығайтуға тікелей әсер ететін маңызды қоғамдық институт болып табылады. Облыстық басылымдар, телерадио арналары өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуы үшін атқарылып жатқан шараларды насихаттап, қоғамдағы көңіл-күйді анықтайды. Сондықтан, сіздерге облысымыздың дамуы және қарапайым адамдардың мұң-мұқтажын шешудегі қажырлы еңбектеріңіз үшін ақ алғысымды жолдағым келеді.
Баршаңызға жаңа шығармашылық идеялар, туғандарыңыз бен жақындарыңызға бақыт  тілеймін.
Дулат НҰРМОЛДИН,
облыстық  мәслихаттың хатшысы.

 

 

 

Құрметті облыстық  «Арқа ажары» газетінің ұжымы!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Ұжымның қаламы қарымды журналистері өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі өзекті өзгерістерді, бедерлі беттерді бейнелеуде біліктілік танытумен қатар, оқырман қауымға  ой салатын ойлы мақалаларымен де ерекшеленеді, қаламгерлердің кәсіби шеберліктеріне дән ризамыз.
Журналистердің «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының бағдарламалық құжаттары мен мақсат-міндеттерін насихаттауда атқарып жатқан жұмыстары да өлшеусіз.
Шынайы ықыласпен сіздерге тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс, әрбір игі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
Ғалым БЕКМАҒАМБЕТОВ,
«Нұр Отан» партиясы Ақмола
облыстық филиалы  төрағасының
бірінші орынбасары,
облыстық мәслихаттың депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар