«Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында Астана күні мерекесі қарсаңында салтанатты түрде партия қатарына жаңа мүшелер қабылданды.

Партия қатары толықты

 

Жиынға «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова, қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайса және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. «Той дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты Михаил Чирков  тапсырды. Халық қалаулысы «Нұр Отан» партиясының жаңа мүшелерін Мемлекет басшысының жетекшілігімен игі істер атқарып отырған ауқымды саяси ұйым қатарына қабылдануларымен құттықтап, сәттілік тіледі.
– Елімізде жасалып жатқан  ілкімді істердің  көбі партияның бастамасы. Сол себепті,  елімізді келешекке жетелейтін партия мүшелері атанғандарыңызға қуаныштымын. Бүгінгі күні еліміз қарқынды даму үстінде. Бұған республикамыздың Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атануы дәлел бола алады. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі, – деді Михаил Чирков.
Содан соң  аталмыш серіктестікте құрылған бастауыш партия ұйымы төрайымының орынбасары Екатерина  Чевелюк сөз сөйлеп,  жүктелген барлық міндеттерді мүлтіксіз орындауға уәде берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар