Жер серігіне қосылудың тиімділігі мен артықшылықтары

«Қазтелерадио» АҚ филиалының директоры Винер Арсланбеков   біздің тілшімізге елімізде сандық телевизияны енгізудің жай-жапсары туралы әңгімелеп берген еді.

– 2014 жылдың желтоқсанында шетелдік жерсеріктерден ақпараттық сыйымдылықтарды жалға алудан бас тарту арқылы елден қаражаттың жылыстауының алдын алатын және ақпараттық қауіпсіздікті  қамтамасыз ететін қазақстандық «KazSat-3» жерсерігі іске қосылғаны белгілі. «Қазтелерадио» АҚ өзінің сандық сигналының хабар таратуын отандық жерсерікке көшіруде. Осы орайда, қандай нәтижелерге қол жеткізгендеріңізді және осы істің  маңыздылығы неде екенін айтып берсеңіз?
– 2016 жылдың 15 наурызынан біз «OTAU TV» жер серіктік телевизияның абоненттерін отандық «KazSat-3» жерсерігіне көшіруді бастадық. Қазақстандық жерсеріктің пайдасына таңдау отандық телерадио арналар өзіндік қаражаттарын айтарлықтай үнемдейді, өйткені, шарттар теңге бағамымен жасалады және шетелдік валютаның бағамына байланысты болмайды. Отандық жерсерікте сыйымдылықтарды жалға алу шетелдік жерсеріктерге қарағанда анағұрлым төмен. Осылайша біз өз еліміздің экономикасының дам-уына септігімізді тигіземіз және бұл біздің отандық жерсерікке көшуіміздің қажет болуының бірінші және басты себебі болып табылады.
Бұдан бұрын «OTAU TV» жерсеріктік телевизияның хабар таратуы 2016 жылдың күзінде өз жұмысын аяқтайтын шетелдік жерсеріктен жүзеге асырылған еді. Қазіргі таңда «OTAU TV» қызметтерін 1 миллионнан астам абоненттер пайдаланады және 2016 жылдың қыркүйегіне дейін олардың әрқайсысы шетелдік жерсерікті өшіргеннен кейін телевизия арқылы ақпарат алудан айырылып қалмау үшін жабдықты қайта  күйге келтіруді міндетті түрде жүзеге асыруы тиіс.
– Абонент өз бетімен жабдықты қайта ретке келтіре ала ма?
– Иә, ол үшін «KazSat-3» жерсерігіне абоненттің жабдығын ретке келтіретін маман арнайы  бейне нұсқаулық материал дайындаған болатын. Бұл материал Интернет желісінде, www.otautv.kz және www.kazteleradio.kz сайттарында қолжетімді. Егер отбасында әртүрлі себептермен жабдықты ретке келтіретін адам болмаса, онда абоненттер шарттық негізде ретке келтіртуді жүзеге асыратын авторландырылған дилерлерге білікті көмек алу үшін жүгінулеріне болады. Олар әрбір ауданда, сондай-ақ, барлық байланыстар www.otautv.kz сайтында бар. Бұл қызметтің құны 2000 теңгеден аспайды.
Абоненттердің назарына, өз жабдығын ретке келтіргеннен кейін ол туралы  колл-орталықтың 193 немесе 8 (727) 2581500 телефондары арқылы міндетті түрде хабарлауы немесе дербес шотының нөмірін және телефон нөмірі туралы ақпаратты өз өңірінің сату орталығына (телефоны: 8 (7162) 401551) қалдыруы тиіс, бұл абонентке кепілді сыйлық алуға мүмкіндік береді.
– Дилерлер және олардың қызметтері туралы нақтырақ баяндап берсеңіз.
– OTAU TV абоненттерінің саны жоғарыда айтып өткеніміздей,  1 миллионнан асты, оның 60 пайызы ауылдық жерде орналасқан. Біздің елдің аумағының кеңдігін ескере отырып, біз елдің барлық аумағы бо-
йынша құрылғыны орнатуды өз күшімізбен қамтамасыз етудің мүмкін еместігін жақсы білдік. Сондықтан да, дилерлік желіні дамыту шешімі қабылданды. Авторландырылған дилерлер қабылдағыш жабдықты (қабылдағыштарды, антенналарды, конверторларды) жеткізуге, жабдықтың құрастыру мен қайта күйге келтіру жұмыстарын іске асыруға уәкілетті. Дилерлер «Қазтелерадио» АҚ штаттағы қызметкерлері емес, бұл жабдықты орнату және сервистік қызметті көрсететін жеке кәсіпкерлер және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. «Қазтелерадио» АҚ  дилердің атқарған жұмыстарынан табыс таппайды, тек ресми дилерлер ретінде оларды қызметке тарта отырып, шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.
– Қосылу үшін өтінішті қалай беруге болады және шебердің келуін қанша уақыт күту керек?
– Жерсеріктік жабдықты қайта күйге келтіру үшін өтінішті бірнеше тәсілдер арқылы жолдауға болады: жоғарыда көрсетілген нөмірлер арқылы колл-орталыққа қоңырау шалу; сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша өңірлік абоненттік бөлімге қоңырау шалу; немесе www.otautv.kz ресми интернет-ресурсында онлайн-өтініш қалдыру арқылы.
Бұл өтініштер дилерлер арқылы үлестіріледі және бір-екі күн ішінде шебер сіздің үйіңізге барады, ал, қайта күйге келтіру үдерісінің өзі жарты сағаттан аспайтын уақытты алады. Алыстағы  аудандардың тұрғындары бірлесіп, қайта күйге келтіруге өтініш берулеріне болады, осылайша дилер бір күннің ішінде барлық елді мекенде жерсеріктік жабдықты қайта күйге келтіре алады. Егер елді мекеннің тұрғындарының бірі қайта күйге келтіру үшін өтініш берсе, ол туралы мүмкіндігінше «OTAU TV» жерсеріктік телевизия орнатылған барлық тұрғындарды хабардар ету қажет. Осылайша сіз дилердің жұмысын жеңілдетесіз және қайта күйге келтіру үдерісін жылдамдатасыз. Дилерге бір-екі өтінішті орындау үшін алыстағы ауылға бару қиын болады, ол сондай-ақ, көшу мерзімдеріне және қызмет көрсетудің құнына да  әсер етуі мүмкін.
– Қазақстандық жерсерікке көшкеннен кейін көрермен қандай қосымша артықшылықтарға ие болады?
– Біздің абоненттер сандық телевизияның айқын бояуы мен дыбыс сапасын бағалап үлгерді. Қосымша электрондық хабарлар бағдарламасы және телегазет сияқты сервистер болады. Біздің тараптан тұрақты негізде арналар топтамасының құрамын – олардың сандық және сапалық түрін де жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне көшу көрермендерге қосымша SD арналарды көруге мүмкіндік береді, сондай-ақ, ағымдағы жылдың күзінде ақылы топтаманың пайдаланушыларына қолжетімді болатын HD  арналарын көру мүмкіндігі беріледі.
– Елімізде сандық телевизия көптеп енгізілуде. Осыған байланысты сандық, оның ішінде жерсеріктік телевизияға қосылуды ұсынатын операторлар пайда болып отыр.  Осы орайда,  қарапайым адамдарға осы қызметті  таңдауда қателеспеу жолдарын да айта кетсеңіз.
– Таңдау қызметі қала  тұрғындары үшін өте көп. Мысалға, желілік оператор қамтымайтын шалғайдағы аудандардың тұрғындары туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл жай түсінікті, өйткені,  оларға коммерциялық тұрғыдан тиімді емес. Сандық телевизия іске қосылғанға дейін шалғайдағы елді мекен тұрғындары үш-төрт  отандық арналарды көргені ешкімге құпия емес. Республикамыздың шалғайдағы аудандарындағы тұрғындарды ақпаратты қамту мақсатында Елбасының тапсырмасы бойынша  сандық телевизияны таратудың бірінші кезеңі болып табылатын «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясы іске қосылған болатын. Жерсеріктік телевизия елдің 100 пайыз аумағын қамтиды және осылайша барлық қазақстандықтарға еркін қолжетімді 50-ден астам отандық және ақылы топтаманы қосу барысында 100-ден астам телерадио арналарын ұсынады.
Телевизия операторын таңдау барысында бірінші кезекте Қазақстан Республикасының аумағында телевизиялық және  радиохабар таратуды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсетуге лицензияның болуына назар аудару керек. Қазақстандық операторлар  жаңа жұмыс орындарын ашады және мемлекеттік бюджетке салық төлейді, бұл ретте біздің экономикамыздың және отандық телевизияның дамуына өзінің үлесін қосады. Сонымен қатар, шетелдік операторлардың телетоптамаларында қазақстандық телеарналар жоқ. Жерсеріктік және желілік хабар тарататын қазақстандық оператор өзінің шетелдік әріптестеріне қарағанда қазақстандық та, шетелдік те телеарналарды таратады. Шетелдік операторды таңдау барысында қазақстандық азаматтар Қазақстанның ақпараттық кеңістігінен шектеледі.  

Әңгімелескен Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар