29-30 қазанда Елордада «қуатты өңір – қуатты қазақстан!» акциясы аясында Ақмола облысының күндері өтеді

Өңірдің жетістіктері паш етіледі

 

Облыстың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі биылғы жылдың 29-30 қазанында Астана қаласындағы «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдында  өткізіледі.

 

Қазақсан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Астанада өңір күндерін өткізудің концепциясы жасалып, шаралар «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан!» ұранымен өткізілуде. Бұл республикалық акцияның күн тәртібі Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өңірлерінің жетістіктерін паш етуге арналған. Шараны өткізу барысында Тәуелсіз Қазақстанның аяғына тұру кезіндегі Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысының рөлі көрсетіледі. Өңірде өндірілген өнім, оның ішінде «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында жетістіктер көрмесі ұйымдастырылады. Астананың концерт алаңдарында өңірдің әртістері мен концерттік ұжымдары өнерлерін көрсетеді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған тақырыптық көрмелер мен экспозициялар астананың кітапханалары мен музейлерінде өткізіледі. Сондай-ақ, мерекелік шараны өткізуге белгілі мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері тартылады. Облыстың тұсаукесерлік көрме кешенінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің дамуы, индустриялық-инновациялық бағдарламалардың жүзеге асырылуы, тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, транспорт инфрақұрылымын, шағын және орта бизнес, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының дамуы сияқты өңірдің жетістіктері көрсетіледі.
Жәрмеңкеге дайындықтың жұмыс жоспары жасалып, жауапты адамдар мен басқармалар бекітілген. Мәселен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жәрмеңке сөрелеріндегі тауарлардың көп болуына және облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірге жәрмеңкенің безендірілуіне жауапты. Сондай-ақ, әр аудан әкімінің міндеті – ауыл шаруашылығы тауарларымен қамтамасыз ету. Бұл жұмыс селолық округ әкімдеріне, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен өңдеуші кәсіпорындардың басшыларына жүктеледі. Жәрмеңкеде Көкшетау, Степногорск қалалары мен облыстың барлық аудандарының ауыл шаруашылығы та-уарын өндірушілері мен кәсіпорындары, «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация-
сы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 784,0 миллион теңгеге бағаланған ауыл шаруашылығы өнімдерінің алпыс бестен астам түрін саудалайды. Облысымыз аграрлы өңір болғандықтан, басты назар ет, сүт, нан өнімдеріне аударылып отыр. Осы орайда жәрмеңкеге 624,6 тонна ет және шұжық, 63,7 тонна сүт өнімдерін, 170 тонна ұн апарамыз. Жәрмеңкеде Атбасар ауданындағы «Сочинский» серіктестігі, Қорғалжын ауданындағы «Бакара» ет комбинаты, Целиноград ауданындағы «Родина» серіктестігі мен Зеренді ауданындағы «Милк Проджект» сүт зауыты тәрізді өзге де өңдеуші кәсіпорындардың өндірген өнімдері сау-даланады.
Біздің өңір өзен мен көлдерге бай. Осыған байланысты 20,3 тонна жаңа ауланған балық пен оның өнімдерін сатуды естен шығарған жоқпыз. Бүгінгі таңда құс фабрикаларының саны артып, құс еті мен жұмыртқа өндіру оң жолға қойылды. Осының арқасында жәрмеңкеде 432 миллион 500 мың дана жұмыртқа сатуға мүмкіндік туды. Атбасар ауданындағы «Сочинский» серіктестігінің күнбағыс майы үлкен сұранысқа ие. Осы орайда жәрмеңкеге 41 мың литр өсімдік майын апаруды межелеп отырмыз. Облыста жыл өткен сайын картоп пен көкөніс өсірушілер саны артып келеді. Бұл жағдай жәрмеңкеге 238 тонна картоп, 220 тонна көкөніс апаруға мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығының өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен сатылады. Бұдан тауар иелері шығынданбайтыны қарастырылған. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын өңірдің ветеринарлық қызметі жіті қадағалайтын болады. Сауда шатырларын ертерек барып орнатамыз. Сатушыларға арнайы киім тігілді.
Қараөткел мен Көкшетау өңірі өнерпаздар мен спортшылардан кенде емес. Жәрмеңкеде облысымыздың жезтаңдай әншілері мен мың бұралған бишілері, спортшылары өз өнерлерін көрсетеді. Бұл бағытта облыстық мәдениет, дене шынықтыру және спорт басқармалары концерттік және спорттық бағдарламалар дайындады. Сондай-ақ, астаналықтардың да спорттық ойындарға қатысуына жағдай жасалған. Жалпы, Астанадағы облыс күндері ойдағыдай өтеді деуге негіз бар.

Бекболат ЕЛБЕРГЕНОВ,
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар