Тең ойын немесе «Астананың» алтыны

Өз алаңындағы соңғы ойынында  «Оқжетпес» «Астанамен» тең ойнады.

Бұл 0:0 есебінің өзі елордалық клубқа үшінші жыл қатарынан футболдан Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алуына жол ашты. Ойын алма-кезек шабуылмен өтті. Стадионға жанкүйерлердің айтарлықтай жиналғанына  байланысты жерлестеріміз бүкіл матч барысында үлкен қолдауға ие болды десек қателеспейміз. Сондықтан да, астаналықтармен бұл жолы тең дәрежеде өнер көрсетіп, кей сәттерде жеңіске қол жеткізердей көрінді. Тек ондай қақпаға доп салар сәттер «Оқжетпестің» ойыншылары Жасұлан Молдақараев, Серж Бандо, Ильнур Мангуткиннің қолынан сусып кетті.
Екі кезең бойы мұндай бірнеше мүмкіндіктерге ие болған қонақтар да 11 метрлік айып добына дейін біздің  қақпаға дарыта алмай, тең ойынды қанағат тұтқанымен, ақыр соңында чемпиондық атақты қанжығаларына байлады. Оларды марапаттау кездесу аяқталысымен осы «Оқжетпес» стадионында өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар