Сапасынан білінеді

Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбековтің және мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Берген Беспалиновтың қатысуымен «Мемлекеттік қызмет сапасына тұрғындардың ризашылығы деңгейін көтеру» деген тақырыпта семинар  өтті.

Оның жұмысына салалық басқармалардың, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қоғам өкілдері қатысты.  Қоғамдық тұрақтылықты сақтауда елеулі рөл атқаратын мемлекеттік қызмет сапасының халықтың көңілінен шығатындай болуының маңызы зор. Бұл бағытта құзырлы органдар мақсатты жұмыстар атқарып келеді. Аталмыш семинардың ұйымдастырылуы  осы бағытта жасалған оң қадам деуге болады. Облыс әкімі аппаратының ұсынылған мемлекеттік қызметті талдау бөлімінің басшысы Данагүл Жұмабек, облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Жанар Темірханова, мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин, облыс әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі Василий Шиманский, «Kazakhstan innovations» қоғамдық қорының төрайымы Мәриям Әбішева мемлекеттік қызмет сапасын көтеру, оның жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету жайында ой-пікірлерімен бөлісті.
Шараны қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков мемлекеттік қызмет сапасын көтерудің маңыздылығына тоқталып, құзырлы орган қызметкерлерінің бұл мәселеге әрдайым жете көңіл бөлуі қажеттігін атап өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар