Бақыт жолы – қиын жол

Облыстық тарихи өлкетану музейінде Халықаралық геологтар күніне орай, геология-минералогия ғылымдарының докторы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Маухида Абдулкабированың   туғанына 100 жыл толуына орай еске алу  кеші болып өтті.

 

Кештің қадірлі қонағы ретінде  Қазақстан Республикасының   минералды ресурстар академиясының корреспондент мүшесі, академик Берді Бекмағамбетов арнайы шақырылып, Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушыларына ғалымның қызықты да мазмұнды өмір жолын әсерлі әңгімелеп берді.  Ал, мектеп оқушылары болса өз кезегінде геология саласына  байланысты танымдық тұрғыдағы  сұрақтарын қойды.  
Маухида Абдулкабированың ғылыми зерттеулерінің қорытындылары 115 ғылыми еңбекте  жарияланған. Сонымен қатар, ол біздің  Солтүстік Қазақстан аймағына  кен  орындарының  пайда болу  заңдылықтарын,  аймақтың болжамдық  геологиялық картасын, кен   іздеудің  басты  бағыттарын  анықтаған  бірегей тұлға.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар