Білімді болсаң, өмірге берерің мол

Күншалған орта мектебінде «Жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру – заман талабы» тақырыбында  семинар болып өтті.

Сабақты көп жылдық еңбек өтілі бар  Жаңатұрмыс  негізгі мектебінің  ұстазы Айнагүл Боқанова өткізді. Ол өз тәжірибесін ортаға салып, оқушыларға ғибраты мол сабақ берді. Сонымен қатар, жас маман Әйгерім Хамитованың сабағы  ұлағатты ұстаздар тарапынан оң баға алды. Екі мұғалім де  сабақ  барысында жаңа  технологияларды пайдаланды.
Білім мен біліктілік  дағдысын қалыптастыруда атқарылған жұмыс нәтижесі бірден  көрінді.  Мектеп басшысы Ораз Серікбайұлы әріптестерін семинардың  сәтті өтуімен құттықтап, өзінің  жылы лебізін білдірді.  Шәкірттердің  жаңа тақырыпты меңгеруі, бір-бірімен пікірлесуі және  топтық жұмыс жасауда өзіндік қабілетімен және бейімділігімен ерекшеленді.
Аққу ШӘКЕНОВА,
Жаңатұрмыс негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.

Ерейментау  ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар