Көкшетау қаласында мылтық атудан Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған турнир өтті.
Жарысқа колледждер мен мектептерден 200-ге тарта оқушы қатысты. Осылайша 49 команда өзара бақтарын сынап, мергендік танытудан күш-жігерлерін аянбады.
Алайда, «Отан» қоғамдық бірлестігінің ардагері, отставкадағы полковник Николай Иванов үш күнге созылған турнирде «Бурабай», Біржан сал атындағы музыкалық, «Фемида», Көкшетау жоғары колледждерінің білім алушылары жарысқа қатыспағандығын айтады. Әсіресе, 8-10 жастағы мектеп оқушыларының осы сайыста белсенділік танытқандары құптарлық.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы білім беретін мектептер арасында бірінші орынды №8 орта мектептің оқушылары жеңіп алды. Ал, әскери патриоттық клубтар арасында жеңіс тұғырынан №16 орта мектептің «Снайпер» клубы көрінді. Колледждер арасында Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледж бірінші орынға ие болды. Жасөспірімдер арасында Көкшетау қаласының №8 орта мектебінің оқушысы Айым Бисенова мен №13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясының Никита Агеев сияқты бір топ мектеп оқушылары үздік деп танылды. Жүлдегерлердің барлығы кубоктар мен дипломдарға ие болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.