Мергендік те бір өнер

Көкшетау қаласында мылтық атудан Ұлы Жеңістің 72  жылдығы мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған   турнир өтті.
 Жарысқа колледждер мен мектептерден 200-ге тарта  оқушы қатысты. Осылайша 49 команда  өзара бақтарын сынап,  мергендік танытудан күш-жігерлерін аянбады.
Алайда,  «Отан» қоғамдық бірлестігінің  ардагері,  отставкадағы полковник  Николай Иванов үш күнге созылған турнирде  «Бурабай», Біржан сал атындағы музыкалық, «Фемида», Көкшетау жоғары колледждерінің білім алушылары жарысқа  қатыспағандығын айтады. Әсіресе, 8-10 жастағы мектеп оқушыларының осы сайыста белсенділік танытқандары құптарлық.  
Жарыс  қорытындысы бойынша жалпы білім беретін мектептер арасында  бірінші орынды  №8 орта мектептің оқушылары жеңіп алды. Ал, әскери патриоттық  клубтар арасында жеңіс тұғырынан №16  орта мектептің «Снайпер» клубы көрінді. Колледждер арасында Ж.Мусин  атындағы педагогикалық колледж бірінші орынға ие болды.  Жасөспірімдер арасында Көкшетау қаласының №8 орта мектебінің  оқушысы Айым Бисенова мен  №13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясының  Никита Агеев сияқты бір топ мектеп оқушылары үздік деп танылды.  Жүлдегерлердің барлығы кубоктар мен  дипломдарға ие болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар