Еңбек қауіпсіздігі – ерекше назарда

Жұмыс орнында қайғылы оқиға мен кәсіби аурудың алдын алуға ықпал ету мақсатында 2003 жылдың 28 сәуірінде халықаралық еңбек ұйымы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін жариялады.

 

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу идеясы 1989 жылы америкалық және канадалық еңбеккерлердің жұмыс орнында зардап шеккен немесе қайтыс болған еңбеккерлерді еске алуынан бастау алды. Бүгінгі таңда жүзден астам елдерде өндірістік жарақат алудың, жұмыс орындарында қайтыс болу статистикасының жыл санап өсуінің,  жарақаттану мен аурудың алдын алу үшін барлығын жасау дайындығын көрсетуге, бұл проблемаларды шешуге ықпал ету мәселесіне қоғамның назарын аударуға бағытталған шаралар өткізіледі. Еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету, еңбек жағдайын жақсарту бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік жұмыс тәжірибесін тарату, қайғылы оқиғалар мен кәсіби аурулар санын қысқарту мәселелеріне жұмыс берушілердің назарын аудару мақсатында бұл күн жыл сайын аталып өтіледі.
Биылғы жылы өндірісте қайтыс болғандарды еске алуға арналған шара «Еңбекті қорғаудың мәліметін пайдалануды және жинауды оңтайландыру» ұранымен өткізілуде. Сенімді мәліметтер жинауды оңтайландыру жұмыс орындарында және мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылатын алдын алу бағдарламасын жетілдіру және басымдықтарын анықтау үшін маңызды. Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма тарапынан жүзеге асырылатын алдын алу шаралары нәтижесінде соңғы жылдары өндірістік жарақат алу оқиғаларының қысқарғаны байқалады. Биылғы жылдың басында 10 қайғылы оқиға тіркеліп, 11 адам зардап шекті, тоғызы ауыр жарақат алды, екеуі қайтыс болды. Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма жұмысының негізгі басымдығы бұрынғыдай еңбеккерлердің еңбек құқын қорғауға және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жағдайын жақсартуға бағытталған. Еңбек заңнамасын жұмыс берушілердің сақтауын қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жағдайын жақсарту, азаматтардың еңбек құқын қорғау мақсатында жүйелі түрде мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Мемлекет қабылдаған шаралар негізгі кіріс көзі еңбек болып табылатын қарапайым азаматтарды қолдауға бағытталған. Еңбеккерлердің еңбек құқы бұзылмау үшін прокуратура органдарымен, облыстық кәсіподақ ұйымымен бірге еңбек саласындағы жағдайға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Өткен жылы облыстағы 73 кәсіпорынның еңбек жағдайы жөнінде өндірістік нысандарға аттестаттау жүргізілді. 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап облыстың 163 кәсіпорнына қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттары енгізілді.
Өңірдің 60 кәсіпорнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды. Кеңес еңбекті қорғау талабын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану және кәсіби ауру, еңбектің техникалық инспекторларына жұмыс орындарында еңбекті қорғау және жағдайын тексеру бойынша жұмыс беруші мен еңбеккердің бірлескен жұмысын ұйымдастырады. Басқарма елуден астам адам жұмыс істейтін өндірісте  еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметіне инженерлер алу арқылы қайғылы оқиғаның алдын алып, жарақаттану санын азайтпақшы. Бүгінгі таңда облыстың 465 кәсіпорнында техника қауіпсіздігі жөніндегі инженерлер жұмыс істейді. Өткен жылы «СП СКЗ «Казатомпром», «Семізбай U», «Агро ЛАКЕ» серіктестіктері мен «Казфосфат-Химиялық зауыт» серіктестігінің Степногорск филиалы жұмыс берушілерінің қызметін декларациялау бойынша сенім сертификаты берілді. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселесі жөнінде оқытатын және білімді тексеретін оқу-кеңес беру орталығында 3906 басшы мен маман еңбек заңнамасы бойынша оқудан және аттестаттаудан өтті.
Кәсіпорындарда жарақаттанудың алдын алу шараларының бірі – тексеру болып табылады. 2017 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік еңбек инспекторларымен облыстың 127 кәсіпорны және ұйымдары тексеріліп, 128 заң бұзушылық анықталды. Қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 36 лауазымды және заңды тұлға тартылып, 5,7 миллион теңге айыппұл салынды. Өндірістегі қайғылы жағдай адамзат үшін үлкен жантүршігерлік оқиға және экономикалық шығынның себебі болып табылады. Экономика саласында құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жүзеге асқанда жағдай жақсарып, еңбек қорғалады. Мұндағы негізгі күш еңбек заңнамасымен қарастырылған құқық қатынасын жүзеге асыруға, заң бұзушылық пен өндірістік жарақаттануға әкелетін жағдай мен себептерді жоюға бағытталуы тиіс. Еңбеккерлерге қауіпсіз еңбек жағдайын жасау жұмыс берушінің тікелей міндеті болып табылады. Барлық басшыларды меншік түріне қарамастан еңбек заңнамасын сақтауға және облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында лайықты және қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға шақырамыз.
Жылқайдар  БЕЙСЕМБАЕВ,
облыстық еңбек
инспекциясы жөніндегі
басқарманың бөлім
басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар