Поляк әндері шырқалды

«Достар» мәдениет сара-йында жылдағы дәстүр бойынша VІІ «Поющая Полония» поляк әндерінің республикалық фестивалі болып өтті.

 

Аталмыш өнер кешіне Қазақстан Республикасындағы Польша елшілігі консулдығының өкілі Малгожата Таньска қатысып, Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен, Қостанай,  Көкшетау,
Тайынша  қалаларының өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Фойеде қолөнер бұйымдарын сатып тұрған қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған көрме ұйымдастырылды. Поляк әндері шырқалған ән кешін тамашалаймын деп келгендер көп болды. Ашылу салтанатында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Андрей Подгурский сөз сөйледі.  – Өнерде шекара болмайды. Қазақстанда тұратын жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бүгінгі ән фестивалі осының айғағы, – деді ол.
 Концертте Зеленый Гай ауылынан арнайы келген фольклорлық ансамбльдің, алматылық Ангелина Гузовскаяның, көкшетаулық Карина мен Наталья Крупельницкаялардың, Павлодардан келген вокалдық топтың әндерін жұрт зор ықыласпен қабылдап, ерекше қошеметке бөледі. Достықтың қанатында өнердің өлмес әуені шалқыған фестивальден жиналған жұртшылық осындай рухани қуат алып тарқасты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар