Зауыт салатын ойлары бар

 

Қытайлық өнеркәсіп компаниясының өкілдері ауданда ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниет танытып отыр.

 

Жақында ауданға жұмыс сапарымен келген қытайлық делегация өкілдері аудан басшыларымен кездесіп, аталмыш жобаны жүзеге асыру жолдарын қарастырды. Компания өкілдерінің айтуынша, ауданда биологиялық массаны және оның ішінде жылына 500 мың тонна көлемінде бидай сабанын өңдейтін ірі кәсіпорын салу жоспарланған. Осы мақсатта қытайлықтар 300 миллион АҚШ долларын салуға әзір. Оған қоса инвестициялық шығынды толықтай мойнына алмақ. Кәсіпорынның іске қосылуы 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 10 миллион тоннаға жуық қатты және сұйық күйдегі органикалық тыңайтқыштарды өндіруге жетеді.
Оған қоса, зауытта 120 миллион кВт  электр қуатын өндіретін 5 мың текше метр метан, Еуропа елдері және Қытайға экспортқа шығаруға болатын 70 тонна биохимиялық лигнина (медицина және өндіріс саласында қолданылатын бағалы химиялық шикізат), сондай-ақ, 20 мың тонна жоғары сапалы қағаз немесе 200 тонна картон қағазбен қамтамасыз ету үшін қажетті целлюлоза өндіруге болады. Жобаның артықшылығы ол ауыл шаруашылығы шикізатын экологиялық таза жолмен қайта өңдеп, экологиялық таза электр энериясын өндіру.
Жұмыс сапары барысында қытайлық делегация Есіл қаласындағы өндіріс орындарын аралап көріп, өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыратын аудан орталығының инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі, логистикалық дамуымен жақынырақ танысты. Кәсіпорынның ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор септігін тигізетіні сөзсіз.

Суретте: қытайлық меймандар ауданның әлеуетімен танысуда.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар