Бір жылда үш кооператив

Еліміздегідей, біздің облысымызда да жер-жерде ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бағыт ұсталуда.

  Қорғалжын аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дінмұхамет Байсовтың айтуынша, биылғы жылы бұл өңірде үш ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылмақ. Солардың бірі – Қараегін ауылында. Биыл жеке кәсіпкер Марат Әсенов осы ауылдың іргесіндегі 10,5 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар сіңірді. Ауыл шаруашылығы кооперативін ашу үшін мал бордақылау алаңы мен мал қораларын салды. Енді асыл тұқымды ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Жанболат Ибалиев Сабынды ауылында шағын тауарлы-сүт фермасын ашуды қолға алды.
Сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативі Шалқар ауылында да ашылды. Кооператив үшін «Қызылсай агро» серіктестігі Ресейден шағын сүт зауытын сатып алды. Ұйымдаса ұмтылудың арқасында ауыл тұрғындары өздерінің өндірген өнімдерін кооперацияларға өткізіп, тұрақты ақысын алып тұратын болады. Сондай-ақ, кооперация мүшелері қажетті тұқым қорымен, жемазықпен, жайылыммен қамтылады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар