Мерекелеріңіз құтты болсын, ақ желеңді абзал жандар!

 

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев халық денсаулығын Қазақстанның стратегиялық мақсатына жету жолындағы зор табысы ретінде атап өтті. Осыған орай, денсаулық сақтау саласының басты мақсаты халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметпен қамту болып табылады. Әр жыл сайын мемлекет медицина саласына жіті көңіл бөліп, материалдық-техникалық базасын нығайту үшін күрделі мәселелерді шешуде. Ақмола облысында соңғы жылдары көлемінде мың бірліктен астам медициналық техника, 150 бірлік санитарлық автокөлік алынды. Денсаулық сақтау саласының 143 нысанына күрделі жөндеу жүргізіліп, 33 мекеме пайдалануға берілді.
Емдеу мекемелерін осы заманғы медициналық техника және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жаңа заманғы медициналық технологияны енгізу тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге игі әсерін тигізуде. Бұл әрбір отбасы, әрбір азамат үшін жасалып отырған жанашырлық. Өңірдегі медицина қызметінің табысы 1753 дәрігер мен 12 мыңнан астам орта және төменгі буындағы медицина қызметкерлерінің еңбектеріне байланысты. Олар өмірдің ең қиын сәттерінде көмек беруге әрқашан дайын. Тіпті, өздерінің кәсіби шеберлігі мейірімі мен мейірбандығының арқасында қолдан келместі де мүмкін еткендей.
Барлық медицина қызметкерлеріне өз кәсібін атқару жолындағы қажымас қайраттары, кәсіби шеберліктері, адамдарға деген адал махаббаттары үшін зор алғыс айтамын. Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, отбасының бірлігін және өз істеріңізде табыс тілеймін.
Мәлік МЫРЗАЛИН, Ақмола облысының әкімі.

 

 

Қадірлі медицина қызметкерлері мен  сала ардагерлері!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз еліміздің медицина саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп, қамқорлық жасауының нәтижесінде халыққа осы заманғы дәрігерлік көмек көрсетудің сапасы жақсара түсті. Медицина мекемелерін қаржыландыру, материалдық-техникалық базаларын нығайту мәселелеріне айрықша көңіл бөлінуде.
Дәрігерлік мамандық басқа мамандықтардың ішіндегі ең бір ізгісі. Сіздер адамдардың өмірін сақтап, олардың денсаулықтарын қалпына келтіруде аянбай еңбек етіп келесіздер. Өңіріміздің денсаулық сақтау саласын нығайтуға бар саналы ғұмырын арнаған ардагер дәрігерлердің ерен еңбектері үшін алғысымыз шексіз. Халық денсаулығы жолында күні-түні көз ілмей, қажырлы еңбек етіп жүрген облыстың денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлерінің баршасына жан жылулықтарыңыз бен адал еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз үшін ризашылығымды білдіре отыра, мереке қарсаңында отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жаңа табыстар тілеймін.
Дулат НҰРМОЛДИН, Ақмола облыстық  мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар