Жәмиланың жан жылуы

 

Жәмила Ақышева Арқалық қаласындағы медицина колледжін тәмамдаған. 2001 жылдан бері Покровка елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пунктінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Осы емдеу мекемесінде жыл өткен сайын кәсіби тәжірибесі толысып, біліктілігін шыңдай түсті. Бұл күнде ол өзінің тынымсыз еңбегімен ел ықыласына бөленіп, абырой биігінен көрінуде.  
Нұрлы жүзінен мейірім шуағы төгілген оның жұмыс үстіндегі жіті қимылына қарап, медицина қызметкерлерінің бәрі осындай болсайшы деп ойлайсың. Заман талабына сай үнемі өз білімін жетілдіріп жүрген ақ желеңді жандардың еңбегіне емделушілер де дән риза.
Атбасар ауданы.
Суретте: Жәмила Ақышева  жұмыс үстінде.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар