Бұқпаның биігінде бір алаң бар…

Көкшетау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Елена Суханованың айтуынша, бүгінгі таңда қалада еркін дем алып, сейіл құруға қолайлы жағдайлар жасалуда. Аңсары ауған адамға Бұқпа тауының биігіне баспалдақпен көтеріліп, арнайы алаңқайдан қаланы тамашалауға болады.

Кешегі кеңес заманынан бері  жаңартылмаған осы алаңқай мен баспалдаққа «Көкшетау автодор» серіктестігі күрделі жөндеу жұмысын жүргізуде. Қазірдің өзінде алаңқайға бедертастар төселіп, шарбағы жаңартылды. Алаңқайға апаратын автокөлік жолына асфальт төселіп, автотұрақ салынды. Қазір 144 баспалдақтың тастары жаңартылуда. Бұл маңға жарық орнату да ойда бар. Жалпы барлық күрделі жөндеу жұмысы биылғы жылғы шілде айының соңында аяқталады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген В. ГУБАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар