Сырттай айтқаннан, көзбен көрген артық

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Михаил Чирков пен Юрий Тимощенко Күсеп ауылдық округіне барып, ел жағдайына қанықты.

 

Халық қалаулылары жұмыс сапарын Азат стансасындағы «Элнур Адил Групп» ЖШС-нің нан қабылдау кәсіпорнын аралаудан бастады. Жуырда ғана жаңа кеңсесінің құрылысын аяқтаған ЖШС-нің барлық құрал-жабдықтары мен қосымша цехтары бір-бірімен байланысып жататын өндіріс орталығы, яғни, диірменнің жұмыс алаңында болған депутаттар мекеменің басшылығымен және жұмысшыларымен кездесіп, тыныс-тіршілігімен танысты.
Куропаткино селосындағы «Айнала-йын» балабақшасының шаруашылық және топтық бөлмелерін аралап, мекеменің ішінде балаларға арналған бассейннің болғаны оларды шын мәнінде таң қалдырды. Топтар топтастырылған кең және таза бөлмелер, ас үйдің құрал-жабдықтары, балалардың ойын алаңдары барлығы да қазіргі заманға сай орнатылған.   
Бұдан әрі депутаттар «Дихан Плюс» және «Грин Азия» ЖШС-і секілді ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында болды.  2008 жылы құрылған серіктестік жыл бойы округті көркейтіп, абаттандыру, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізумен айналысады.  Кәсіпорынның машина алаңында мәжілісмендер жұмысшылармен әңгімелесіп, жұмыс барысында кездесетін кейбір мәселелерді талқылады. Ауыл клубында депутаттар тұрғындарға Елбасының биылғы Жолдауында алға қойылған жалпыұлттық міндеттерді жүзеге асыру, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген туған жер, туған ел бағдарламалары бойынша атқарып жатқан  жұмыстары жайлы жан-жақты айтып берді.
Округ тұрғындары  халық қалаулыларына облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, округті абаттандыру үшін маңайдағы карьерлерді пайдалану секілді мәселелермен қатар, өздерінің ұсыныс-тілектерін білдірді. Мәжіліс депутаттары барлық айтылған жағдайлар мен ұсыныс-тілектер алдағы уақытта ескеріліп, шешімін табатындығына сендірді. Ауданға сапар кезінде халық қалаулыларымен бірге «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Таласбаева мен Күсеп селолық округінің әкімі Сағынтай Кенжеғозин бірге жүрді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар