Ешбір бала білімсіз қалмайды

Жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан Респуб-ликасы Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылының басталуынан бір ай бұрын «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткізбекші.

  Ағымдағы жылы акция «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.
Акцияның мақсаты – оқу жылының алдында жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына көмек көрсету және барлық балалардың біліммен қамтамасыз етілуіне қол жеткізу.
Жыл өткен сайын акцияға қатысуға ниет білдірушілер көбейіп келеді. Көмектері де қомақты. Мәселен, өткен жылы облыс бойынша материалдық көмек көрсетілген балалардың саны 8290 баланы құрады. 2683 білім алушыға бюджет есебінен 8184,0 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілсе, 5597 білім алушыға 52,5 миллион теңге көлемінде бюджеттік емес қаражат есебінен жәрдем жасалды. Көрсетілген материалдық көмектің жалпы көлемі 60,7 миллион теңгені құрады. Үстіміздегі жылы облыс бойынша 10899 бала материалдық көмекке мұқтаж. Ол балалардың  924-і бірінші сыныпқа барады.
Акция кезеңінде мектептерге бармайтын балаларды мекен-жайларын аралау, рейдтік іс-шаралар жүргізу арқылы анықтап, олардың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейі сарапқа салынады.  Көмекті қажет ететін балаларға қайырымды адамдардың жанды жанашырлықтары арқылы жәрдем көрсетіледі. Мұның өзі жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелейтін тамаша мысал.
 Жалпы, республикалық акцияны өткізу қарсаңында Ақмола облысының білім басқармасы облысымыздың барлық азаматтарын, кәсіпкерлер мен меценаттарды акцияға қатысуға шақырады.   

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар