Салт атпен әлемді шарлаған…

Аудан орталығында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін қолдау мақсатында  «Ат үстіндегі Жібек жолы» атты тақырыпта экспедиция болып өтті.

Аталмыш іс-шараға Венгрия Республикасының азаматтары дәрігер Иштван Бенце мен Цако Ласло құрметті қонақ ретінде қатысты. Экспедиция мүшелері ауданды салт атпен аралап, аудан орталығындағы өлкетану және Ілияс Есенберлин атындағы мұражайларында болып, елдің мәдениеті, тариxымен танысты.   Сонымен қатар,  шетелдік азаматтар Новосельское және Бейс–Хазрет ауылдарына ат басын тіреп, ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігіне қаныға түсті.
–  Біздің басты мақсатымыз экспедиция бағыты бойынша Еуразия құрлығындағы мемлекеттердің мәдениеті және  ұлттық құндылықтарымен жақынырақ танысу болып табылады. Біз осындай үлкен қашықтықты ат үстінде жүріп өтуге болатынын дәлелдегіміз келеді. Ұлы Жібек жолы жақындастырған елдердің достығы әрқашанда мығым болғай,–деп өз ойын ортаға салды Иштван Бенце.
Венгриядан келген қонақтар Астана қаласына 18 тамыз күні   жетіп, 20 тамызда ұлттық мерекелері киелі Иштван күнін атап өтуді жоспарлап отыр.

Роза БЕКЕНБАЕВА.
Атбасар ауданы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар