Ауыл тұрғындарына көмек

Ауданда өткізілген «Барамыз. Кездесеміз. Мәселесін шешеміз» акциясы ауыл тұрғындарының әлеуметтік және құқықтық мәселелерін шешуге арналды.

Қажетті ақпараттық кеңестер беру мақсатында жүзеге асырылатын шара барысында халыққа қызмет көрсету орталығы, жұмыспен қамту және прокуратура қызметкерлері елді мекендерде болып, тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Акция алдымен Жаңақима және Ешім ауылдық округтерінен басталды. Бұл күні халыққа қызмет көрсету орталығының  мамандары 6 адамның жеке басы куәлігін ауыстырып, 5  тұрғынның жылжымайтын мүліктерін тіркеп берді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі 35 ауыл шаруашылығы техникасын тексеруден өткізіп, оны қайта тіркеу жөнінде және жұмыспен қамту бөлімі  5 адамды әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде жұмысқа орналастырып, 16 азаматқа еңбек нарығында сұранысқа ие аспаз, тракторшы-машинист, электр дәнекерлеуші сияқты мамандықтар бойынша тегін оқуға кеңес берді.
Орталық аурухананың терапевт, хирург, стоматолог сияқты дәрігер мамандары жергілікті тұрғындарды қабылдап, емдеді. Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының өкілдері жеңілдікпен несие алу, өз кәсібін ашуға қатысты кеңестер алды. Аудандық прокуратура қызметкерлеріне 7 азамат шағымданып, олардың үшеуіне құқықтық көмек көрсетіліп, қалғандарына қажетті ақпарат берілді.
Акция алдағы уақытта ауданның басқа да елді мекендерінде жалғасатын болады.   

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар