Көшеде спортпен айналысуға болады

Көкшетау қаласында халықаралық жастар қозғалысының «көшеде жаттығу» деген атпен танымал Street Workout спорт алаңы ашылды.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті, Көкшетау қаласы әкімдігі және республикалық Street Workout федерациясының қолдауымен Центральный шағын ауданында ашылған алаңда ашық аспан астында спортпен жаттығуға әбден болады.
– Бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын сақтауға арналған Street Workout қозғалыс құралдары қала тұрғындарының спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік тудырып отыр. Бұл спорт алаңы 10-ға жуық түрлі жабдықтардан құралған, – дейді нысанның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Иван Юрченко.
«Көшеде жаттығу» деген атпен танымал спорттың бұл түрі сізден ешқандай қаражатты қажет етпейді. Онымен кез-келген уақытта, кез-келген жерде айналысуға болады. Ол үшін ең алдымен, ынта керек. Сіз турникте, көлденең белдікте, швед қабырғасында, тіпті, көп қабатты үйдің баспалдағында да айналысуыңызға болады. Бастысы, денеңізге салмақ салып, бұлшық еттеріңізді жетілдіру, төзіміңізді шыңдау керек. Осындай қарапайым жаттығулар жасау арқылы жақсы нәтижелерге жету оңай. Содан болар, бүгінде спорттың бұл түрімен айналысуға ниеттілер қатары жыл санап көбейіп келеді.
Аталмыш жоба қаладағы балалар мен жастардың бұқаралық спортқа деген қызығушылығын оятуды көздейді. Алдағы уақытта қалалық мәдени және демалу саябағына да орнату жоспарланған.
Аслан НЫҒМЕТЖАНҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар