Науқан қарқын алды

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша биыл өңір диқандары 4 миллион 324 мың гектар егіс алқабының астығын жинап алуы тиіс.

Бүгінгі күнге дейін 953 мың гектар жердің  егіні орылып, қамбаларға 722 мың тонна астық құйылды. Орташа гектар берекесі 10 центнерден айналуда.
Бүгінгі таңда Целиноград, Бурабай және Жарқайың аудандарының диқандары барлық астықтың 61,4-60,6 пайызын жинап алды. Облыс бойынша қамбаларға 252 мың тонна тұқым құйылды. Ірі астықты өңірлердің бірі – Атбасар ауданы биыл 397,4 мың гектар алқаптағы дәнді және бұршақты дақылдарды жинап алуы тиіс. Жауапты науқанға бөлінген кепілдендірілген дизель отынын барлық шаруашылықтар тасымалдап алған. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әли Бегалиновтың айтуынша, бүгінгі таңда егіс алқаптарына 206 комбайн, оның ішінде өнімділігі жоғары 78 астық жинайтын комбайн шығып, диқандар 72,3 мың гектар алқаптың астығын жинап үлгерді.
Бұл – барлық егіс алқабының 50,7 пайызы. Мәселен, «Атбасарский Нива» серіктестігі 102 мың 470 гектар егіс алқабындағы астықтың жартысын орып, бастырды. «Шыңғыс-1» серіктестігі де барлық егіс алқабындағы астықтың 50 пайызын жинап алды. «Сочинский» серіктестігінің директоры Абылай Қанбатыров өз сөзінде шаруашылық диқандары 23 мың 854 гектар алқаптағы дәнді және бұршақты дақылдарды шашпай-төкпей жинап алатынын айтып өтті.
Бүгінгі таңда бұл серіктестік барлық егістік алқабының жартысынан астамын жинап алған. Дала қостарында диқандар үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда шеберхана, асхана мен монша жұмыс істейді. Техника жөндеушілер бригадасы комбайндардың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде. Жалпы, атбасарлық диқандар биылғы астықты уақытында жинап алады деп айтуға толық негіз бар.

Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар