Ырыс алды – ынтымақ екені анық

Еліміз халықтың мызғымас татулығы мен келісімі арқылы гүлденіп, дамиды. Бұл басымдық мемлекетіміздің ұлттық саясатында басты назарда. Ауданымызда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің  Жарлығымен  құрылған, содан бері ұлтаралық татулық пен бірлікті сақтауға қызмет етіп келе жатқан консультативті-кеңесші орган – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына мүшелікке өтті. 

Ел – елге, ұлыс – ұлысқа бейбіт ымырамен қосатын бірегей мекемеге конституциялық пәрмен беру үшін Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылдың 20 қазанында «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңына қол қойды. Сөйтіп, осы заң этносаралық қатынастарды айқындаудың нақты тетігіне айналды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелігіне этномәдени және қоғамдық бірлестіктер, қоғамда айтулы орны бар, абыройлы әрі танымал тұлғалар кіре алады. Целиноград ауданында да Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері бар және олар қоғам үшін зор еңбек етуде. Ауданымыздың этносаралық үйлесімділігі мен татулығының нығаюына ерекше үлес қосып отырған М.Сукалов, И.Юрьева, И.Сауэр және Е.Абаев сынды азаматтарды ерекше атап өтуге болады.  
Магамет Сукалов Қабанбай батыр ауылындағы «Достық» орталығының төрағасы. Оның басшылығымен орталық ұлтаралық достық пен бірлікті насихаттайтын, осы құндылықтарды бекіте түсетін түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізеді. Ирина Юрьева болса, ол көп жылдар бойы аудандық ауруханада дәрігер болып жұмыс істеген мейірімді жан. Ауданда өмір сүріп жатқан қаншама адамды ажал аузынан алып қалған оның еңбегін аймақ тұрғындары жоғары бағалайды. «Родина» агрофирмасының» бас директоры Иван Сауэр қоғамдық келісімді нығайтуға арналған түрлі іс-шаралардың өткізілуіне қашан да материалдық-қаржылық көрсетіп, жерлестерін демеумен келеді.
Ауданда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет алдына қойған Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2050» даму стратегиясында, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идея-сында, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында көрсетілген міндеттерді орындау жұмыстары барынша жүзеге асырылуда.  
Бүгінде Целиноград ауданында 70 мыңға жуық адам өмір сүруде.  Олардың ұлттық құрамына тоқталатын болсақ, басым бөлігін жергілікті ұлт өкілдері құрайды, яғни, 41 815-і қазақтар, 12 мыңға жуығы орыстар, 4 мыңдайы  немістер, 2 мыңнан астамы украиндер, 1 мың шамалысы поляктар, сонымен бірге, мыңға тарта татарлар, өзбектер, бес жүздің маңайында ұйғырлар, күрдтер және басқа ұлт өкілдері бар. Барлық ұлт  өкілдері өңірімізде өзара бейбіт және тату өмір сүруде. Осы достықтың сақталуына Қазақстан халқы Ассамблеясының да маңызы айрықша екендігін айтқанымыз жөн. Өйткені, Ассамблея мүшелері бойындағы бар мәмлегерлік қасиеттерін халықтың ауызбіршілігі мен татулығына аянбай жұмсауда.    
Ақжарқын дана халқымыз «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп тектен-текке айтпаған. Олай болса, қазақ елінің жарқын болашағы тек қоғамдық бірлік пен келісімде екенін ұмытпайық, ағайын.  

Ғайни САУЫТБАЙ,
Целиноград аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар