Қарттар айлығына орай, облыстық ішкі істер департаменті ардагерлер арасында спартакиада өткізді.

Қарттар айлығына орай, облыстық ішкі істер департаменті ардагерлер арасында спартакиада өткізді. Онда құқық қорғау органы ардагерлері волейбол, стол теннисі, дойбы және мини-футболдан өзара күш  сынасты.
Дойбы жарысында Зеренді ауданынан келген ішкі істер органының ардагері  Жасұлан Ғабдуллин жеңіске жетсе, стол теннисінен бурабайлық Базарбай Қылдияров жеңіс тұғырына көтерілді. Мини-футболдан облыстық ішкі істер департаменті аппаратының ардагерлері қарсыластарының бәрін жеңіп, биіктен көрінді. Екінші орынды бурабайлықтар қанжығасына байласа, Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының ардагерлері үшінші орынды қанағат тұтты. Жарыс жеңімпаздары кубоктармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

Түркіменстанның астанасы Ашғабад қаласында жабық ғимараттардағы және жауынгерлік өнер бойынша V Азия ойындары  өз мәресіне жетті.
Бұл ойындар 17 қыркүйек күні басталған еді. Содан бері 62 елдің
6 мыңға жуық  өкілі спорттың 21 түрінен бақ сынасты. Осы байрақты бәсекеде алаң иелері Түркіменстан спортшылары барлығы 245 медальға ие болып, жалпы командалық есепте бірінші орынға қол жеткізді. Бұл медальдардың 89-ы алтын, 70-і күміс және 86-сы қола медаль.  
Енді осы V Азия ойындарындағы Қазақстан құрама командасының нәтижесіне келсек, біздің елден бұл жарысқа 16 спорт түрі бойынша 181 спортшы қатысқан болатын.  Олардың еншісінде 28 алтын,
28 күміс және 40 қола медаль бар. Жалпы, медальдар саны 96.  
Осы ретте, қазақстандықтардың қоржынына белбеу күресінен қола медаль салған жерлесіміз Нұрланбек Бекболдың табысын да бөле-жара атауымызға болады. Ал, осы жарысқа Степногорск қаласынан қатысқан ауыр атлетші Михаил Макеев өкінішке орай, жүлделі орынға көтеріле алмады. Бұл арада біздің елден осы ойындарға аттанған 181 спортшының қатарында небары екі-ақ ақмолалық спортшының болуы алдағы уақытта облыс спортының басы-қасында жүрген басшылар мен мамандарымызды шынымен ойландырса екен дейміз.
Қ.КӘКЕНОВ.        

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар