Суық тигізіп алсаңыз…

А дәрумені жетіспеген кезде көру қабілеті нашарлап, иммунитет төмендейді. Бұл мәселені шешу үшін майлы балық, сүт өнімдері мен асқабақ, сәбіз, алма, қызанақ тұтыну қажет.
В дәрумені жетіспесе тері тітіркеніп, дерматитке шалдықтырады. Ұйқысыздық пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, глаукома қатері артуы ықтимал. Бұның алдын алу үшін ет, жаңғақ, балық, сүт өнімдерін, орамжапырақ, қарақұмық, картоп, сельдерей жеңіз.
С дәрумені ағзаның қорғаныс функцияларын арттырады. Егер жиі бозарып, теріңіз құрғап, аяқ-қолыңыз ауыратын болса сізге С дәрумені жетіспей жүр деген сөз. Ол үшін бұрыш, цитрус, қарақат, шие, киви, алма жеңіз.
D дәрумені жетіспесе обыр дертіне шалдығуыңыз мүмкін. Сондай-ақ, астма, күйзеліс, артрит аурулары асқынуы ықтимал. Сол себепті құрамында Д дәрумені бар тағамдарды күз бен қыста көбірек тұтыну қажет. Ол үшін балық, сүт өнімдері мен жұмыртқа тұтыныңыз.
Е дәрумені жетіспеген кезде шаш сиреп, шаршағандық пайда болады. Терінің қартаю процесі жылдамдайды. Пигменттік дақтар пайда болуы мүмкін. Ол үшін өсімдік майын, жаңғақ, жұмыртқа мен көкөніс пайдалану керек.
К дәрумені жетіспесе мұрыннан қан ағуы мүмкін. Асқазан мен ішкі тамырлардан қан кетуі ықтимал. Бұл дәруменнің орнын толтыру үшін көкөніс, жеміс-жидек пен салат тұтыну қажет.

Дайындаған
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар