Желдің қуаты

Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне келушілер «Қазақстан» Ұлттық павильонында Ерейментау ауданындағы жел электр станциясы құрылысының жобасын да тамашалаған болатын.

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының қолдауымен «Бірінші жел электр станциясы» серіктестігі қуаты 45 меговаттық Ерейментау жел электр станциясын бұдан екі жыл бұрын пайдалануға берген еді. Станцияда өндірілетін электр қуатының жүз пайызы Қазақстанның Ұлттық электр желісіне түссе, бір бөлігі «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қажеттілігіне пайдаланылды. Сондай-ақ, станция Ақмола облысында электр энергиясы тапшылығының төмендеуін қамтамасыз етіп, қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлесін қосуда. Бұл энергия көзін пайдалану жыл сайын 100 мың тоннадан астам көмір үнемдеуге мүмкіндік береді.
Серіктестік Елбасының бастамаларын басшылыққа ала отырып, индустрияландыру жобаларына белсенді қатысуда. «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы мен Таза технологиялар қоры серіктесіп, Ерейментау жел паркінің қуатын 95 меговатқа дейін ұлғайтуды жоспарлаған. Келешекте бұл қуатты 300 меговатқа дейін кеңейту жобасы қарастырылуда. Жел электр станциясы Ерейментау қаласынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазір мұнда жиырма тоғыз тұрақты жұмыс орны ашылып, 12 жергілікті тұрғын жұмысқа қабылданды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар