Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шебердің сыйлығы - АРҚА АЖАРЫ

Шебердің сыйлығы

Облыстық іскер әйелдердің ІІ форумында Бұланды ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Ғайни Ахметова өзі жасаған арнайы автокөлік жамылғысын Елбасына сыйға тартқысы келетінін айтты. 

– Автокөліктің жамылғысына болашағымыздың рәмізі ретінде «Рухани жаңғыру» деген сөзді өрнектеп тіктім. Бүгінгі күні  барлығымыз ел ертеңі үшін жауапты болуымыз қажет, – дейді ол ағынан жарылып. Ғайни автокөлік жамылғысы жинақтамасын бір айға жуық тікті. Әрленімі мен пішінін ойластырып, материалдарды мұқият таңдады. Іскер қыздың бұл талпынысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасынан басталды. Ғайни осы жобаға қатысты оқуын биылғы жылдың маусымында тәмамдап, өзінің бизнес жобасын қорғады. Нәтижесінде шебер қыз қолдау қаржысына қол жеткізіп, жамылғылар тігу бойынша өз ісін ашты.
– Көктемде Бұланды ауданының кәсіпкерлікті қолдау орталығында болдым. Мұнда кеңесшілер «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды ұсынды. Бизнес-жаттықтырушымен бірге рынокты зерттеп, ұлттық нақышта автокөлік жамылғыларын тіккен пайдалы болады деп шештік. Кәсіпкерлер палатасы мамандарының қолдауымен әлеуметтік желілерге хабарландыру беріп, көп уақыт өтпей алғашқы тұтынушыларым келе бастады,– дейді Ғайни Ахметова.
Бүгінгі таңда шебер жаңа тапсырыстар қабылдауда. Келешекте жеке цех ашуды жоспарлап отыр. Өйткені, тіккен бұйымдары облыстан тыс өңірлерде де сұранысқа ие болып келеді.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар