«Tengri Bank» филиалы ашылды

Облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков Көкшетау қаласында «Tengri Bank»  акционерлік қоғамы филиалының ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. 

Бұл банк – қазіргі таңда Қазақстандағы банктердің алғашқы ондығына кіретін, тұрақты қаржы институттарының бірінен саналады. Осы күні Алматы, Қарағанды, Теміртау, Павлодар және Астана қалаларында банктің филиалдары бар. Енді Көкшетау қаласында ашылған жаңа кеңсесінде жиырмадан астам жоғары білікті банк қызметкері жұмыс істейді. Мұнда заңды және жеке тұлғаларға арналған банк қызметінің барлық түрі көрсетіледі. Банк филиалы ашылған күні жүзге тарта көкшетаулыққа қызмет көрсетіп үлгерді. Жалпы, бұл банктің негізі елімізде 1992 жылы «Данабанк» жеке банкі ретінде қаланған. Кейін уақыт өте келе 2010 жылдары акцияларын Үндістанның «Punjab National Bank» банкі сатып алған. Содан бері банк атауы бірнеше рет өзгертіліп, өткен жылы «Tengri Bank»  акционерлік қоғамы болып бекітілді. Банк жеке және заңды тұлғалармен ғана емес, «Агробизнес–2020» бағдарламасы шеңберінде «Аграрлы несие корпорациясы», «Продкорпарация» тәрізді акционерлік қоғамдармен бірлесіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес саласында да жұмыс істеуді көздеп отыр.
– Еліміздегі жаңа қаржы институты ақмолалық кәсіпкерлерімен өзара бірлескен жобалар жасауға, облыстағы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен шағын және орта бизнес саласына несиелік жәрдем көрсетуге септігі тиеді деген сенімдемін, – деді облыс әкімінің орынбасары  құттықтау сөзінде.
Шара барысында Асхат Қайнарбеков және «Tengri Bank»  акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ержан Шәйкенов өзара әріптестік бағытында жұмыс істеуге уағдаласты. Қазірдің өзінде банк облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мақсатында шағын және орта бизнес саласында қолға алынған жобалар бойынша 5 миллиард теңге инвестиция салып отыр.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар