Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәрістердің қоныстанғанына 80 жыл - АРҚА АЖАРЫ

Кәрістердің қоныстанғанына 80 жыл

1937 жылдың 21-ші тамызында кәріс халқын Қиыр Шығыстан көшіру туралы құпия қаулы шығып, оларды Қазақстан мен Өзбекстан жерлеріне көшірген болатын. Осыған орай, «Қоғамдық келісім» мекемесінде кәрістердің қазақ жерлеріне қоныстанғанына 80 жыл толуына байланысты «Чинсон» кәріс мәдени орталығы арнайы іс-шара ұйымдастырды.

–Кәріс халқы 80 жыл бойы дархан қазақтың жерінде өмір сүріп келеді. Бұл – жай ғана күндердің тізбегі емес, бұл – ортақ тарих, халқымыздың рухани және мәдени бірігуі. Туған жерлерінен еріксіз қуылғандардың үйреншікті өмір салты, этникалық және мәдени құндылықтары бұзылып, туған-туыстарымен байланыстары үзіліп, өмір бойы маңдай терімен жиған-тергені бір мезетте жойылды. Бірақ, олардың өмірге деген зор құштарлығы, тағдыр соққысына төтеп беру қабілеті болды, оған қоса, қазақ халқының қонақжайлылығы мен мейірімділігі оларды әрі қарай өмір сүруге ынталандырды. Бүгінгі таңда көп ұлтты Қазақстанның азаматтары бейбітшілік пен келісімде өмір сүре отыра, этностар өздерінің Отанына айналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда, – деді сөз басында «Чинсон» орталығының төрайымы Людмила Лим.
Сонау қасіретті оқиғаларды өз көзімен көрген кәріс орталығының көнекөз қариясы Жанара Цойды жиналған қауым ұйып тыңдады. Қазақтардың өздері сол кезде солақай саясаттың құрбанына айналып отырса да, еліне, жеріне әкеп тастаған оларға ас-суын беріп, ауыртпалықтарды бірге жеңгендері бүгін үлкен тағылым. Осындай тарихтың ақтаңдақ парақтарының сырлары шертілген танымды шара аясында «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің кәріс сыныбы оқушылары ұсынған әдеби монтаж да көңілге қонымды шықты. Онда қазақ, кәріс және орыс тілдерінде өлеңдер оқылды. Орталықтың кәріс тілі сыныбында басқа сыныптарға қарағанда оқушылар саны көп екендігін де ескерген жөн болар. Мұнда түрлі ұлт өкілдерінен құралған 78 оқушы тіл үйренеді.
«Ариран» – кәріс ұлтының ең танымал әні. Оны кәріс түбегінде ғана емес, кәрістер өмір сүретін әлемнің әр бұрышынан естуге болады. Сондықтан, осы іс-шараның барысында осы ән айтылып, кештің шырайын аша түсті.
Шара барысында Қазақстан Республикасы гуманитарлық-техникалық колледждің президенті Владимир Пак, «Чинсон» кәріс мәдени орталығының төрайымы Людмила Лим, орталық төрағасының орынбасары Искра Мун Кәрістер қауымдастығының алтын медалімен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар