Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әйелдер үшін зейнеткерлік жас өзгереді - АРҚА АЖАРЫ

Әйелдер үшін зейнеткерлік жас өзгереді

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасының 2018 жыл мен 2027 жыл аралығында кезең-кезеңмен көтерілуін көздейтін норма күшіне енеді. Ол жыл сайын алты айдан қосылып, 10 жыл бойы жүзеге асырылатын болады.

табл2018 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне қарай тағайындалатын базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау әдістемесінің өзгеруі көзделеді. Базалық зейнетақы жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға ғана тағайындалатын болады: 63 жас – ер адамдар үшін, 58 жас және 6 ай – әйел адамдар үшін.
Зейнеткерлік өтілге не кіреді:
Зейнеткерлік өтілге ынтымақты жүйеде жинақталған, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі; міндетті зейнетақы жарналары төленген аралықты қарастыратын жинақтау өтілі; бала үш жасқа толғанға дейінгі, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек баланың күтімі; әскери қызметкермен, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерімен, дипломатиялық жұмыскерлермен және т.б. бірге тұрған уақыты.
Бұл өзгерістер 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілетін зейнеткерліктегі және жаңадан зейнеткерлікке
шығатын адамдарға қолданылады.
Зейнетақыны есептеу әдістемесі:
Егер азамат 10 жыл ғана жұмыс істеп, БЗЖҚ-ға аударымдар жасаған болса немесе мүлдем жұмыс істемеген болса, оған базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы мөлшерінде тағайындалады. 10 жылдан астам жұмыспен өтелген әрбір жыл үшін базалық зейнетақы 2 пайызға арттырылады. Мысалы, 20 жыл қатысу өтілінде базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызын, 30 жылда – 94 пайызын құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан да көп жылды құраса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын құрайды.
Зейнеткерлік жасты көтерудің кімдерге қатысы болмайды:
Қазақстанда зейнеткерлік жастың көтерілуінің қазіргі кезде зейнеткерлікке ерте шығуға жеңілдігі бар әйелдерге қатысы болмайды. Бұл бес және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер. Олардың 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы болады. Сонымен қатар, 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығы кезеңінде төтенше және барынша көп радиациялық қаупі бар аймақтарда кем дегенде 5 жыл уақыт тұрған әйелдердің 45 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқықтары бар.
Зейнетақы ресімдеуге өтініш беру мерзімдері бойынша:
Егер әйел азамат зейнеткерлік жасқа (58 жас) 2017 жылғы 10 қарашада толып, уақытында яғни, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш бермей, тек 2018 жылғы қаңтар айында келсе, онда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес, өтінішімен және құжаттар топтамасымен жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындауға 58,6 жасқа толғанда ғана өтініш бере алады.

Виталий ГОРОДЕЦКИЙ,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар