Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көлдер тартылып, құрғап барады - АРҚА АЖАРЫ

Көлдер тартылып, құрғап барады

Ақмола облысында ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының басында 500 көл болса, қазіргі уақытта 300 көл ғана қалды.
Әлі күнгі дейін су объектілерін инвентаризациялау, суды қорғау аймақтарының шекараларын бөлу толық жүргізілген жоқ.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың 547 полигонының тек 33-і құжат түрінде рәсімделген.
Зеренді ауданында 80 заңсыз полигон бар, Ақкөл және Целиноград аудандарында осындай 35, Астрахан ауданында 32 полигоннан келеді.

Қазіргі уақытта облысымызда бұрыннан бері шешуді талап етіп отырған бірқатар экологиялық проблемалар бар.
Соның ішінде, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жұмыс істеуі бойынша мәселе шиеленісіп тұр. Олардың көпшілігі санитарлық талаптарға сәйкес келмейді, шын мәнінде, рұқсат етілмеген апатты үйінділер болып табылады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың 547 полигонының тек 33-і құжат түрінде рәсімделгенін айтқанның өзі жеткілікті.
Ал, полигондардың заңды қатыстылығының болмауы кінәлілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке толық көлемде тартуға мүмкіндік бермейді. Осы қолайсыз жағдайлар облысымыздың 7 ауданында туындап отыр. Зеренді ауданында 80 заңсыз полигон бар, Ақкөл және Целиноград аудандарында осындай 35, Астрахан ауданында 32 полигоннан келеді.
Бұл шын мәнінде экологиялық жағдайға қауіпті, жұқпалы аурулардың тарау, жерас-
ты сулары, топырақ пен атмосфераның лас-
тану, сондай-ақ, дала және ормандардың, жақын жерлердегі егістіктер, шабындықтар мен жайылымдардың өртену қаупін туғызады. Жиі болатын орман өрттері де экологиялық проблемалар болып табылады. Ал, мұның өзі ормандарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мен өртке қарсы іс-шараларды күшейтуді талап етеді.
Аймақта көлдердің ластануы мен кебуі жалғасып келеді. Облыста ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының басында 500 көл болған, қазіргі уақытта 300 көл ғана қалды. Сонымен қатар, су объектілерін инвентаризациялау, суды қорғау аймақтарының шекараларын бөлу толық жүргізілген жоқ.
Елді мекендердің жанындағы табиғи алқаптардың мал жайылымдарының ауыртпалығынан тақырлануы мазасыздандырады. Бірқатар кәсіпорындар бизнесті тексермеу мораторийін теріс пайдалана отырып, ауа атмосферасын лимиттен асыра ластауға жол береді. Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыларды есептеудің белгіленген нормативтерінен жоғары ставкалар 10 есеге көбейтусіз жүргізілуде.
Ақмола өңірінің осыған мазасызданған барлық деңгейдегі депутаттары мен жұртшылығы бұл проблемаларды бірнеше рет көтерді. Бұл орайда, бюджет қаражаттарының шектелгені осы проб-
лемаларды шұғыл шешуге мүмкіндік бермей отыр.
Көрсетілген проблемаларды шешудің ықтимал нұсқаларының бірі экологиялық нормаларды арттыру және оларды еуропалық стандарттарға дейін жеткізу, сондай-ақ, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыларды арттыруда екенін көріп жүрміз.
Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыларды 20 пайызға көбейту 2009 жылдан бастап нақты іске асырылып келе жатқанын атап кеткен жөн. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл көбейтулер экологиялық жабдықтарды қолдануға, қазіргі заманға сай тазарту құрылғыларын орнатуға, ресурсты сақтау технологияларын енгізуге табиғатты пайдаланушыларды нашар ынталандырады. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында орнатылған тазарту жабдықтарының көп бөлігінің тозығы жеткен, ол экологиялық нормативтерге сәйкес келмейді.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақылар ставкасын Салық кодексінің базалық ставкасынан «2» коэффициентке көбейту қазіргі заманғы технологияларды және тазалау құрылғыларын пайдалану, басқа да табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру жолымен жерді пайдаланушыларды қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға ынталандырады. Яғни, атмосфералық ауаға ластандыратын заттарды тастау, қалдықтарды орналастыру, ағынды суларды ығыстыру т.с.с.
Көрші Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында ставкалар мейлінше арттырылып, 2 есеге көбейгенін атап кеткен жөн. Ставкаларды көбейту нәтижесінде алынатын қосымша қаражаттар ақмолалықтар үшін көптеген өмірлік маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деп есептеймін.

Әбілжан ҚҰСАЙЫНОВ,
«Эко-Көкше» экологиялық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры, академик, биология ғылымдарының докторы, Ақмола облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар