Үлескердің абай болғаны жөн

Салынып жатқан тұрғын үйден пәтер сатып алу әрқашан тиімді болғанымен, қауіпсіз де емес. Мердігерлер үйлердің құрылысын аяғына дейін жеткізбей, үлескерлерді тақырға отырғызатын. Сөйтіп, мыңдап алданған жылжымайтын мүлік сатып алушылар қиын жағдайға душар болды. Бұдан соң 2016 жылдың 7 сәуірінде «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды.

Негізгі міндеттердің бірі – үлескерлердің тәуекелдігін азайту. Бүгінгі таңда да мердігерлер тарапынан заң бұзушылық фактілері бар. Кейбіреуі үлескерлердің қаржысын заңсыз тарту арқылы қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Осы орайда, үлескерлердің қаржысын заңсыз тартуды және әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін үлестік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды ұйымдастыратын әдістерді және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыруға байланысты жарнамалардың ерекшелігін қарастыратын заңмен танысу қажет. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабында мердігер немесе өкілетті компания тұрғын үй құрылысы жобасын жарнамалауға құқылы екенін қарастырады. Дегенмен, жарнама беруден бұрын мердігер немесе өкілетті компания үлескерлерге үлестік қатысу жөніндегі келісім-шарт тек жергілікті атқарушы органның үлескерлерден ақша алу жөніндегі рұқсатын алғаннан кейін жасалуы мүмкін екені немесе кепілдік қорына кепілдік қою жөнінде келісім-шартқа отыру жөнінде айтуға міндетті.
Жарнамада мердігер немесе өкілетті компания жөнінде ақпарат болуы тиіс. Сөйтіп, үлестік қатысу жөніндегі келісім-шартқа отырмас бұрын тұрғын үй құрылысы жөніндегі жарнамада жоғарыда айтылғандар болмаса абай болу қажет. Өзінің заңсыз құрылысын жарнамалайтын мердігерлер құрылыс нысанын аяғына дейін жеткізу кепілдігімен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі мүмкін. Заңсыз жарнама арқылы үлескерлердің қаржысын заңсыз тарту тағы да проб-
лема тудыруы мүмкін. Бүгінгі таңда жаңа заңның күші бізді қызықтыратын жалған жарнамадан қорғай алады. Бірақ, ненің көрсетілгенін, неге назар
аудару керектігін біле тұрып алданған тұрғындарға аз мүмкіндік қалады. Сондай-ақ, мердігер немесе өкілетті компанияның нақты және толық емес ақпарат тарату кезінде «Әкімшілік заң бұзушылық туралы» Қазақстан Респуб-
ликасы Кодексінің 320-бабында заңды тұлғаны 300 АЕК-ге дейін айыппұл арқылы жазалау қарастырылған.

Бауыржан ЖАРАСОВ,
Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар