Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Менің мақтан тұтар қос мекенім - АРҚА АЖАРЫ

Менің мақтан тұтар қос мекенім

Шежірелі Сыр бойы

Мен, Айдана Әкімбекова Шағалалы агробизнес колледжінде «Агрономия» мамандығы бойынша «Серпін» бағдарламасымен оқып жатырмын. Туған жерім Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Облыс жер көлемі бойынша елімізде 4-орын алады және солтүстігінде – Қарағанды, шығысында – Оңтүстік Қазақстан, батысында – Ақтөбе облыстарымен, ал, оңтүстігінде – Өзбекстан елімен шектеседі. Жер көлемі – 226 мың шаршы километр.
Облыс орталығы Қызылорда қаласы 1925-1928 жылдары қазақ елінің астанасы болды, сондай-ақ, облыс жерінде еліміздің орта ғасырлардағы астанасы – Сауран, ерте заманғы астанасы Жанкент, Жеті асар шаһарларының орны сақталған.
Облыс аумағында әлемдегі ең бірінші ғарыш айлағы «Байқоңыр» кешені орналасқан. Сондай-ақ, 7 ауылдық аудандар бар.
Қызылорда облысы, яғни, Сыр өңірі өзінің жусанды дала, жауқазынды жазық, сексеуілді құмдарымен, ақбөкен, киік, қырғауыл, жайын, сазан секілді сирек кездесетін аң, құс, балығымен белгілі. Сырдария өзенін жағалай қоныстанған ел «Сыр маржаны» аталып кеткен ақ күрішімен әлемге танылып отыр. Сырдың қауын, қарбызын жеп, шұбатының дәмін татқан кісі оны өмір бойы аңсаумен өтері анық.
«Алаштың анасы» атанған Сыр бойында осыдан 1200 жыл бұрын Қорқыт ата ғұмыр кешіп, артына өлмес рухани мол мұра қалдырған. Алты алашқа танымал Әйтеке би, Жалаңтөс Баһадүр, Жанқожа мен Бұқарбай батырлардың, Базар жырау мен Тұрмағанбет Ізтілеуов бастаған Сыр сүлейлерінің ізін Әбділда Тәжібаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Роза Бағланова сияқты әдебиет, өнер майталмандары мен Ыбырай Жақаев сынды еңбек ерлері, Мұстафа Шоқай, Ғани Мұратбаев, Шаһмардан Есенов, Асқар Жұмаділдаев тәрізді мемлекет және қоғам қайраткерлері жалғады.
Мен осы өңірде дүниеге келіп, киелі де қасиетті Сыр өңірінде өзімнің балалық балдәуренімді өткізгеніме мақтанамын және Ғани Мұратбаевтай жалынды жастар жетекшісінің лайықты ізбасары болуға талпынамын!

Шоқтығы биік сұлу өңір

Ақмола облысы 1939 жылы 14 қазанда құрылған. Облыс жер көлемі бойынша елімізде 8-орын алады. Солтүстігінде – Солтүстік Қазақстан, шығысында – Павлодар, оңтүстігінде – Қарағанды, батысында – Қостанай облыстарымен шектеседі. Жер көлемі 17 миллион 622 мың гектар. Облыс құрамында еліміздің астанасы – Астана қаласы орналасқан. 1999 жылдан бастап облыстың орталығы – Көкшетау қаласы. Сондай-ақ, облыста 17 ауылдық аудандар бар.
Ақмола, Көкше өңірлері өзінің сұлу табиғаты, салқын таза ауасы, орманды даласы, шалқар көлдері, сирек кездесетін аң-құс түрлерімен ерекшеленеді. Облыс аймағындағы Қорғалжын, Бурабай, Зеренді, Бұйратау табиғи қорықтары мен демалыс-сауықтыру орындары еліміздің мақтанышы болумен бірге, шетелдіктерге де кеңінен танылып отыр.
Арқа жері – Көкшетау өңірі үш жүздің басын біріктірген Абылай, Кенесары хандар орда құрған киелі де қасиетті мекен. Осы өңірде Бұқар жырау мен Батыр Баянның ізі қалған.
Қажымұқан, Балуан Шолақ, Науан Хазірет, Біржан сал мен Ақан сері, Үкілі Ыбырай сияқты өнер, спорт пен дін саңлақтары осы өңірде дүниеге келсе, олардың ізін Сәкен Сейфуллин, Ілияс Есенберлин тәрізді танымал тұлғалар мен Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Сағадат Нұрмағанбетов, Рақымжан Қошқарбаев сынды батырлар, Жұмабек Тәшенов, Еркін Әуелбеков тәрізді қоғам, мемлекет қайраткерлері жалғады.
Мен осындай еліміздің өмірінде жарқын із қалдырған ірі тұлғалардың туып-өскен мекені – жер жәннаты Көкшетау өңірінде білім алып жатқаныма қуанамын! Келешекте тәуелсіз Қазақстанымның білікті маманы, белсенді азаматы болуға бар күш-жігерімді жұмсайтыным сөзсіз.

Қазақ елі, кең байтақ туған жерім,
Ыстық маған әр тасың, асқар белің.
Біз жастар келешектің иесіміз,
Бабалардың ақтаймыз төккен терін.

Білім алып ұстаздардан мектебімде,
Солтүстікте оқимын деп шешкенде.
Таңдадым Агробизнес колледжін мен,
Жер жәннаты Арқаның Көкшесінде.
Мінекей, оқып жүрміз, білім алып,
Біздерді шын ықыласпен қарсы алып.
Ризамыз жасаған бар қамқорлыққа,
Оқимыз, ізденеміз күшті салып.

Өрлейік «Серпіндіктер» қайрап намыс,
Ата-ана сенімдерін ақтау парыз.
Маманы келешектің біз боламыз,
Отанға, туған елге болмай қарыз!

Айдана ӘКІМБЕКОВА,
Шағалалы агробизнес колледжінің оқушысы.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар