Мәңгі мұраты бар елміз

Тәуелсіз ел атанған ширек ғасырлық уақытта еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан бүгінде әлем қауымдастығы толық мойындаған халықаралық қатынастардың белсенді мүшесі.Еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бері сыртқы саяси ұстанымы бір өзгерген емес.

Елбасының салмақты, салиқалы саясаты арқасында әлем елдері Қазақстанды өзіндік берік ұстанымы бар сенімді әріптес ретінде санайды.Әлемдегі төртінші ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстан қазірде бейбітсүйгіштіктің символы тәрізді. Еліміздің бейбітшілік пен таулықты мақсат еткен әр бастамасы әлем қауымдастығы тарапынан әрқашан үлкен қолдауға ие.
Қазақ еліне үлкен қасірет әкелген Семей ядролық сынақ полигоны жабылған 29 тамыз күнін Қазақстанның бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2009 жылы 2 желтоқсанда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн ретінде бекітті.
2010 жылы Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. Халықаралық қауіпсіздікте аса маңызды орынға ие ұйымға басшылық ету еліміздің халықаралық қатынастардағы беделін көрсетсе керек. Бүгінде Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып отыр. Еліміз мұндай мәртебеге ие болған Орталық Азия мемлекеттері қатарынан бірінші мемлекет. Қазақстан бұл мәртебелі орынды ұтымды пайдалана отырып, еліміздің халықаралық қауымдастық алдындағы басты миссиясын одан әрі тереңдетуде. Жеті жылдан асып бара жатқан Сириядағы азамат соғысын доғару жолында қазақ елі барлық жағдайды жасауда. Осы Сириядағы шиеленістер барысында бір-бірімен араздасқан Ресей мен Түркияны қайта татуластырған Елбасы әрекетінің тарихи мәні мен маңыздылығы ерекше.
Еліміз тәуелсіз ел болған қысқа уақыт ішінде толағай табыстарға қол жеткізді. Ендігі мақсат еліміздің мұратын мәңгі ету. Мәңгі мақсатсыз Мәңгілік Ел болу мүмкін емес. Қазақстанның мәңгі мақсаты – бейбітшілік пен татулық. Тек бейбітшілік пен татулық қана адамзат баласының көркеюіне кепіл.
Мәңгі мақсатты мұрат еткен Қазақстан Мәңгілік Ел болу қамын тәуелсіз ел атанған күннен бері жалғастырып келеді.

Сандуғаш ЗаҢдыбай,
Целиноград ауданындағы Қоянды орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар