Халықаралық КВН Одағына өтті

Ақмола облысының «Агрофаки» көңілділер мен тапқырлар клубының құрама командасы Сочи қаласында өткен «КиВиН-2018» қысқы ХХІХ халықаралық фестивалінің қорытындысы бойынша КВН-нің телевизиялық халықаралық лигасына жолдама алды.

Бұл сайысқа ТМД мемлекеттерінен, алыс-жақын шет елдерден келген 468 команда қатысып, біздің жерлестеріміз көздеген биіктерін бағындыра білді. Осылайша «Агрофаки» КВН командасы халықаралық КВН Одағының 86 үздік командаларының құрамына енді.
Телевизиялық халықаралық КВН лигасы алдағы уақытта Минск қаласында өтеді. Онда түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіліп, іріктеу кезеңдері, семинарлар, КВН мектептері ұйымдастырылады. Олай болса, ақмолалық көңілділер мен тапқырлардың осы лигада өнер өріне самғауына біз де тілектеспіз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар