«Шапағат-Көкшеде» өрт шықты

Көкшетау қаласының өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары мекемесінің өрт сөндіруші құрылымдары «Шапағат-Көкше» ЖШС аумағында орын алған тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады.

Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында таңғы сағат сегіздер шамасында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру кезекшілік қызметіне Көкшетау қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағында орналасқан «Шапағат-Көкше» ЖШС аумағында жылыту қазандығына қайта жабдықталған қоймада өрт шыққандығы туралы хабар түсті.
Оқиға орнына он минуттың ішінде жеткен Көкшетау қаласының өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары мекемесінің №1 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру- құтқару құрылымдары қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері мен жедел әрекет етуінің арқасында тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды.
Өрт сөндірушілер жылыту қазандығы мен қоймаға жақын орналасқан басқа да нысандарға от-жалынның тиіп кетпеуінің алдын алды. Өрттің салдарынан қойманың сыртқы қабырғасы мен шатыры зақымданды. Өрт сөндірушілер өрт шыққан орыннан «Toyota Land Cruiser Prado» және «ВАЗ» маркалы екі автокөлікті аман алып шықты.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері және келтірілген залал анықталуда.

Ақмола облысының төтенше
жағдайлар департаментінің
өрт сөндіру және апаттан құтқару
жұмыстары мекемесінің
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар