Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Белсенді жұмыс атқарылды - АРҚА АЖАРЫ

Белсенді жұмыс атқарылды

(облыстық Қоғамдық кеңестің 2017 жылы атқарған қызметі туралы)

Қазақстанда биліктің және азаматтық қоғамның өзара келісілген әрекеттерін жақсартуға қосымша серпін беруге бағытталған Қоғамдық кеңестер осыдан екі жыл бұрын құрылды. Бүгінгі күні жаңа институттар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұжырымдамалық мақаласында қойылған іргелі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде үйлесім тапқанын сеніммен айтуға болады.

Әрбір алқалы органның тиімділігі ең алдымен, оның құрамына байланысты. Оған бай өмірлік тәжірибесі, биліктің барлық деңгейлерінде, әртүрлі секторларда және әлеуметтік құрылымдарда жұмыс істеген тәжірибесі бар адамдардың қатысуы маңызды. Бұл Ақмола облысының 20 Қоғамдық кеңесін құру кезінде ескерілген маңызды фактор болды, қазіргі таңда Кеңестің 266 мүшесі бар. Енді өңіріміздің әр жерінде жұмыс істеп жатқан Қоғамдық кеңестердің жұмыстарына назар аударсақ.
Жұмыспен қамту тұрғысында жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңесте үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері 15 пайыз, әлеуметтік сала –13 пайыз, бизнес құрылымдар – 12 пайыз, ардагерлер кеңесі – 7,5 пайыз, кәсіподақтар – 5,2 пайыз, БАҚ –
4 пайызды құрайды. 45-60 жас аралығындағы Кеңес мүшелерінің саны – 118 адам немесе 44 пайыз, 61 жастағы және одан да жоғары жастағы адамдар үлесі – 32 пайыз, 30-45 жастағы адамдар – 23 пайызға тең. Осы құрамдағы 107 адам немесе 40 пайыздық көрсеткіш әйелдердің үлесінде.
Қоғамдық бақылаудың заңнамалық тұрғыдан бекітілуі бойынша облыстың Қоғамдық кеңестері өз отырыстарында жүйелі негізде өзекті мәселелерді көтереді және қажет болған жағдайда алдын ала мониторинг және қоғамдық пікірді зерттеу арқылы оны қоғамдық тыңдаулар деңгейіне дейін жеткізеді. Жалпы, Ақмола өңірі бойынша өткен жыл ішінде 315 отырыс өткізіліп, 30-дан астам тыңдаулар мен 660 нормативтік-құқықтық актілердің жобалары қаралған. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың басшыларының 188 есебі тыңдалды.
Өткен жылдан бері ауқымды істер атқарып к еле жатқан облыстық Қоғамдық кеңес 21 мүшесімен өз ұстанымын нығайтты және өз аяғына нық тұрды. Өткен жылы облыстық Кеңестің 17 отырыстары мен тыңдаулары өткізіліп, өңір үшін маңызды мәселелер көтерілді, олардың дені өз шешімін тапты.
Сондай мысалдардың бірі – Қоғамдық кеңес мүшелерінің Салық кодексінің базалық ставкаларынан «2» коэффициентке қоршаған ортаға эмиссияларды төлеу мөлшерін арттыру бойынша бастамасы. Мұның себебі, экология мен елді мекендерді абаттандырудың өзекті проблемаларында жатыр, олардың ең маңыздысы, санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін қатты қалдық полигондарының жұмыс істеуі болып табылады. Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау тапқаны қуантады және қажетті рәсімдерді өткізгеннен кейін өткен жылдың желтоқсан айында мәслихат шешімімен жаңа ставкалар бекітіліп, күшіне енді.
Кеңес мүшелерінің бұл қадамы табиғатты пайдаланушыларды қоршаған ортаға эмиссияларды азайтуға ынталандыратын болады және облыстың бюджетіне қосымша кірістердің түсуі сәйкесінше мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Өткен жылдың қыркүйек айында өңіріміздің тұрғын үй қорын орта-лықтандырылған газбен жабдықтау және лифт шаруашылығын пайдалану мәселелері бойынша тыңдаулар кеңінен талқыланды. Бұл бағыттар көп пәтерлі үйлерде тұратын азаматтардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні белгілі.
Бұл мәселені талдау үшін А.Мартыненконың басшылығымен Кеңес мүшелері Көкшетау қаласының ірі газ желілері мен лифт ұйымдарында болды, бірқатар ПИК төрағаларымен кездесті.
Орталықтандырылған газбен жабдықтауды қалпына келтіруге кедергі келтіретін көптеген мәселелер көтерілді. Бұл – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіз жұмыс істеуі мен бақылауды қамтамасыз етпеу, газбен жабдықтаудың қауіпсіз жұмыс істеуіне және газбен жабдықтау желілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың болмауы, бірыңғай газбен жабдықтау қызметінің жоқтығы, көп қабатты тұрғын үйлерде газ балондарын бақылаусыз пайдалану, пәтер мен пәтерлерден өтетін газ құбырларын қалпына келтіру мен жөндеуге кейбір пәтер иелерінің кедергі келтіруі.
Мұндай жағдайды қолайсыз деп есептей отырып, облыстық Қоғамдық кеңес облыстық әкімдікке осы мәселені шешудің бірқатар нақты жолдарын ұсынды.
Бүгінгі күні Кеңестің ұсынымдарына сәйкес облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына отандық газды айналымға тартқан барлық субъектілердің жауапкершілігін арттыратын қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз жұмыс істеуін бақылайтын бөлім құру үшін 3 штат бөлінді. Осы бағыттағы сындарлы диалогқа «КөкшетауТрансГаз» ЖШС, газ желісі ұйымдарының басшылығы да, «ГазҚызмет» ЖШС да дайын екенін білдірді. Бұдан басқа, Кеңестің отырысында уәде етілгеніндей, «ГазҚызмет» ЖШС 2017 жылғы 1 қарашадан бастап газ таратушы құрылғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудаға өткізу бағасын
1 м3 газға 350 теңгеден 340 теңгеге дейін төмендетті.
Тағы бір мәселе, өткен жылдың көктемінде Кеңес мүшелері облыстық білім басқармасы мен білім беру мекемелерінің қорытынды аттестациясына және ҰБТ-ға дайындық жұмыстарына баға берді. Көкшетау қаласындағы оқу орындары мен бірқатар аудандарда құрылған жұмыс тобының бастамасымен (жетекшісі С.Елубаев) 50-ден астам оқытушы және 180-ге жуық оқушы жасырын түрде сауалға жауап берді.
Оқу үрдісінің барлық қатысушылары тарапынан анықталған проблемалар білім беру басқармасының жұмысы барысында ескеріліп, ауылдық елді мекендерде кадрлар жетіспеушілігін жою жөнінде белсенді шаралар қабылдануда, алаңдаушылық деңгейін төмендету мақсатында түлектермен психологиялық жұмыс жүргізілді, кәсіптік бағдар қызметі бойынша жұмыс тобы құрылды және тағы сол сияқты жұмыстар атқарылуда. Проблемалы мәселелер бойынша практикалық шешімдерді тереңдетіп зерттеу және оны қалың бұқараға жеткізу мақсатында Қоғамдық кеңес «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жүзеге асыру бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы» мәселелерді қарады.
Соңғы мәселе бойынша облыстық Кеңестің алдында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Б.Беспалинов, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың ең көп мөлшері орын алған облыстық басқармалар басшылары сөз сөйледі. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдануы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларының сандық және сапалық құрамы бойынша жұмыс күшейтілді.
Отырыстарда бірінші басшылардың есеп беруін жүйелі түрде қарауға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, бірінші тоқсанда облыс әкімі М.Мырзалиннің Ақмола облысының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы міндеттер туралы баяндамасы тыңдалды, ішкі істер департаментінің жергілікті полиция бөлімінің басшысы екі рет есеп берді, облыстық әділет басқармасының басшысы әділет органдарының қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндады.
Заңнамаға сәйкес Қоғамдық кеңес облыстың бюджетіне енгізілген өзгерістер, оның қалыптасуы мен атқарылуына қатысты мәселелерді талқылады. Маусым айында «2016 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» баяндама және оны іске асыру барысы туралы облыстық тексеру комиссиясының сыни талдауы тыңдалды.
Қараша айындағы кеңейтілген отырыста облыстық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы қаралды: отырысқа қатысушылар жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көрсетілген нақты индикаторларды басшылыққа алу үшін қаражат бөлу қажеттілігі туралы, облыстық бюджеттен аудандар мен қалаларға, оның ішінде бір тұрғынға бөлінген қаражаттың көлемін талдау туралы ұсыныстар жіберді.
Облыстық Кеңес қызметінің маңызды аспектісі нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын сараптау болып табылады. Өткен жылы олардың 92-сі келіп түсті, оның ішінде 45 пайызы мемлекеттік қызметтер регламенттері, 15 пайызы ауыл шаруашылығы, 13 пайызы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану, 9,8 пайызы әлеуметтік қызметтер және тағы басқалары. Мысалы, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін өзгерту сияқты бірқатар жобалар қайта қарауға қайтарылды.
Барлық осы мысалдар Қоғамдық кеңестердің мысалында теңдестірілген және сапалы шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін тиімді құралдың пайда болғанын дәлелдейді.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, атап айтқанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының халықпен тұрақты түрде мақсатты жұмысты қажет ететін басымдығы мен ерекшелігін ескере отырып, оларды іске асыру бойынша халық арасында идеологиялық жұмысты жүзеге асыруда Кеңестердің рөлін бағаламау мүмкін емес.
Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Дулат Нұрмолдин барлық аудандардағы, Көкшетау және Степногорск қалаларындағы Қоғамдық кеңестің мүшелерімен кездесіп, онда әріптестерін Мемлекет басшысының бастамаларын және мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарын насихаттау үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің барлық мүмкіндіктерін жүйелі негізде пайдалануға шақырды. Сондай-ақ, аудандық және қалалық Кеңестердің тиімді жұмыс істеуі бойынша тиісті ұсынымдар берді.
2017 жылғы 13 қарашада Астана қаласында өткен Қоғамдық кеңестердің бірінші республикалық мәжілісі болашақта республикадағы барлық Кеңестер қызметінің тиімділігін едәуір арттыратынына дау жоқ, онда Қоғамдық кеңестердің оң тәжірибесі, жұмыс көрсеткіштерінің дамуы, қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ, Қоғамдық кеңестердің ағымдағы мәртебесін сақтау және олардың өкілеттіктерін өзгерту мәселелері бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.
Ауқымды іс-шараға Ақмола өңірінің барлық деңгейдегі 20 Қоғамдық кеңесінің төрағалары мен кеңес мүшелері қатысты.
Мәжіліс барысында Ақмола облыстық Қоғамдық кеңесінің Заңда көзделген қоғамдық бақылаудың барлық спектрін қолдану, өз қызметіне ақпараттық қолдау көрсету және халықпен белсенді кері байланыс орнату жөніндегі жұмыстары оң бағаланды.
Мұнымен шектелмей, ақпараттық ашықтықты жоғарылату мақсатында жыл соңында Facebook парақшасы жасалды, онда тұрғындар облыстық Кеңестің жұмысымен танысып қана қоймай, өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісе алады.
Өңіріміздің облыстық Қоғамдық кеңесі бұқаралық ақпарат құралдарымен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен, облыстық мәслихатпен, Азаматтық альянстың аймақтық бөлімшелерімен шын мәнінде тығыз байланыс орнату мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, қоғамдық бақылау және Қоғамдық кеңестердің қызметін жан-жақты қоғамдық сараптаумен айналысады.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірге Қоғамдық кеңестің мүшелері семинар-тренингтерге де белсенді қатысты. Өткен жылдың бір жаңалығы ҮЕҰ басшыларының әлеуметтік жобаларды іске асыруға орай, есеп беру кездесулеріне қатысуымыз болды.
Сонымен қатар, биылғы жылға жоспарланып отырған ауыз сумен жабдықтау мәселесін зерделеу мақсатында өткен жылғы қарашада облыстық Кеңес құрамына «Ангел» қоғамдық бірлестігінің директоры да енген жұмыс тобы құрылды.
Облысымыздың Қоғамдық кеңестері жасампаздыққа серпін беретінін сеніммен айтуға болады.
Осылайша Қоғамдық кеңестің мүшелері биылғы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендермен жеке кездесіп, қаржылық, материалдық көмек пен психологиялық қолдау көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырды.
Кеңес мүшелері Астрахан ауданында баға мониторингі және ауыл тұрғындарының сауалнамасы бойынша үлкен жұмыс жүргізді, ол нарық жағдайында бағаларды барынша тұрақтандыруда оң нәтиже берді. Астрахан аудандық Кеңес мүшелерінің мұқият талдау барысында ауданда көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша жұмыс назарға алынды. Кеңес мүшелерінің ұсыныстарынан кейін науқастарды қолдау қызметінің жұмысы едәуір жақсарды, ең бастысы, аудандық аурухана әкімшілігінің орын алған олқылықтар бойынша қолданған барлық шаралары жариялы көрініс тапты. Мұндай ақпараттар газет беттерінде тұрақты түрде жарияланады, сондай-ақ, науқастарға ұсыныстар, медициналық қызмет сапасы туралы мәліметтер жарияланады.
Ерейментау аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері кәсіпкерлік бөлімі мен бағаларды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссиямен бірлесе отырып, апта сайын маңызды тауарларға мониторинг жүргізіп, аудандық әкімдікке ақпарат берді.
Шортанды аудандық Қоғамдық кеңесі теріс фактілерді болдырмаудың жаңа тәсілдерін қарастыруды мақсат етіп қойып, әйелдер, қарт адамдар мен балаларға қатысты отбасылық зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аударды.
Егіндікөл аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері қысқы жылу беру маусымына дайындықты қадағалау үшін балабақша, жалпы білім беретін мектептер, агротехникалық колледж, орталық аудандық аурухана, Егіндікөл ауылының мәдениет үйі сияқты әлеуметтік нысандарды аралады.
Жалпы алғанда, құрылғаннан бері Қоғамдық кеңестер жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын, шын мәнінде сенімді қоғамдық институтқа айналды, мұның өзі экономикалық және әлеуметтік сипаттағы кезек күттірмейтін мәселелердің барынша тез қаралуы мен сындарлы шешілуін одан әрі де жалғастыруға мүмкіндік береді.

Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы,
облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы.

Суретте: Қоғамдық кеңес мүшелері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар