Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тездетіп көшкеніміз дұрыс - АРҚА АЖАРЫ

Тездетіп көшкеніміз дұрыс

Ендігі кезекте пікірлеріміз, ойымыз шашырамай, бір жерден шығып, жаңа әліппе құрастыру, латын қарпін ел азаматтарына үйрету мәселесін көбірек ойлауымыз қажет. Ұстаз ретінде жаңа әліппе құрастыру мәселесі мені қатты толғандырады. Өзінің бір сөзінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа алфавит бойынша үлкен тестілеудің басталатынын және жаңа Әліппенің дайындалатынын ескерткен болатын.
– Біз тестілеуді өте мұқият жүргізуіміз керек. Мұғалімдермен, мектеп директорларымен, сарапшылармен талқылаймыз. Содан кейін іске асыру кестесін түземіз. Мемлекет басшысы айтқандай, бәрін асықпай, мұқият, үйлесімді түрде жасаған жөн, – деді министр. Ерлан Сағадиевтің айтуынша, жаңа әліпбиді үйрену – ересектер мен балалар үшін қиындық тудырмайды. Тек уақыт пен әдістемелік құралдардың жеткілікті болғаны керек. Латын әліпбиі мектептегі дайындық сыныбынан бастап, біртіндеп енгізіледі.
Осы уақытқа дейін біз латын әліпбиінің қажеттілігі, жаңа әліпбиге ауысқан жағдайда оны ел азаматтары қалай қабылдайды деген сұрақтар төңірегінде ой топшыласақ, ендігі ретте латын әліпбиінің жаңа нұсқасын қалай игеріп әкетеміз, оны тездетіп меңгертудің жолдарын қарастыра бергеніміз абзал деп ойлаймын. Ал, егер осылай етудің орнына, әліпбидің жаңа нұсқасына көңіл толмаушылықпен қарап, кері тарта берсек, одан ештеңе де ұтпаймыз. Алдымызға латын әліпбиіне көшеміз, түркі елдерімен иық теңестіреміз деген мақсат қойған екенбіз, енді соны бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ауызбіршілікпен атқарып шығайық.
Аягөз МҰХАМБЕТЖАНОВА,
Ақан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Зеренді ауданы.

Tezdetіp kóshkenіmіz durys

Endіgі kezekte pіkіrlerіmіz, oıymyz shashyramaı, bіr jerden shyǵyp, jańa álіppe qurastyrý, latyn qarpіn el azamattaryna úıretý máselesіn kóbіrek oılaýymyz qajet. Ustaz retіnde jańa álіppe qurastyrý máselesі menі qatty tolǵandyrady. Ózіnіń bіr sózіnde Bіlіm jáne ǵylym mınıstrі Erlan Saǵadıev jańa alfavıt boıynsha úlken testіleýdіń bastalatynyn jáne jańa Álіppenіń daıyndalatynyn eskertken bolatyn.
– Bіz testіleýdі óte muqııat júrgіzýіmіz kerek. Muǵalіmdermen, mektep dırektorlarymen, sarapshylarmen talqylaımyz. Sodan keıіn іske asyrý kestesіn túzemіz. Memleket basshysy aıtqandaı, bárіn asyqpaı, muqııat, úılesіmdі túrde jasaǵan jón, – dedі mınıstr. Erlan Saǵadıevtіń aıtýynsha, jańa álіpbıdі úırený – eresekter men balalar úshіn qıyndyq týdyrmaıdy. Tek ýaqyt pen ádіstemelіk quraldardyń jetkіlіktі bolǵany kerek. Latyn álіpbıі mekteptegі daıyndyq synybynan bastap, bіrtіndep engіzіledі.
Osy ýaqytqa deıіn bіz latyn álіpbıіnіń qajettіlіgі, jańa álіpbıge aýysqan jaǵdaıda ony el azamattary qalaı qabyldaıdy degen suraqtar tóńіregіnde oı topshylasaq, endіgі rette latyn álіpbıіnіń jańa nusqasyn qalaı ıgerіp áketemіz, ony tezdetіp meńgertýdіń joldaryn qarastyra bergenіmіz abzal dep oılaımyn. Al, eger osylaı etýdіń ornyna, álіpbıdіń jańa nusqasyna kóńіl tolmaýshylyqpen qarap, kerі tarta bersek, odan eshteńe de utpaımyz. Aldymyzǵa latyn álіpbıіne kóshemіz, túrkі elderіmen ıyq teńestіremіz degen maqsat qoıǵan ekenbіz, endі sony bіr jeńnen qol, bіr jaǵadan bas shyǵaryp, aýyzbіrshіlіkpen atqaryp shyǵaıyq.
Aıagóz MUHAMBETJANOVA,
Aqan orta mektebіnіń bastaýysh synyp muǵalіmі.
Zerendі aýdany.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар