Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Іргесі мықты ұлт болудың дара жолы - АРҚА АЖАРЫ

Іргесі мықты ұлт болудың дара жолы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 12 сәуірде бір жыл толды. Осыған орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірлік жобалық офисінің жетекшісі, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Еркін Исімбаевты әңгімеге тарттық.

– Еркін Тұрашұлы, осы бір жылдың ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аймақта нақты қандай шаралар ұйымдастырылды?
– Жер-жердегідей, бұл аталған бағдарлама Ақмола жұртшылығы арасында да үлкен қызығушылық туғызып, қолдауға ие болғаны бәрімізге белгілі. Сол үшін де облысымызда біздің өткен тарихымыз бен қазіргі тәуелсіз еліміздің рухани жаңғырудағы басым бағыттарын айқындаған қыруар жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, «Тәрбие және білім» бағытында 24 жоба, «Рухани қазына» бағытында 71 жоба, «Атамекен» бағытында 4 үлкен жоба жүзеге асырылса, «Ақпарат толқыны» жобасы бойынша да нақты шаралар ұйымдастырылды.
– Ендеше, осы жобаларды іске асыру шаралары қалай жүргізілді? Осыған рет-ретімен тоқталып өтсеңіз.
– Әлбетте. «Тәрбие және білім» бағыты бойынша бірнеше шаралар атқарылды. Солардың бір парасы – «Менің Отаным – Қазақстан», жас туристердің облыстық слеті, «Алтын қазына», декоративтік және қолданабалы өнерден облыстық көрме-конкурсы, «Жалғыз болу міндет емес» мүмкіндіктері шектеулі инклюзивтік білім алатын балаларға арналған іс-шара. Мұндай шаралар әлі де атқарылу үстінде. Әсіресе, ауылдық округтердегі кіші жобаларға назар аударылды. «Менің Отаным – Қазақстан» атты 2 облыстық кезеңнен тұратын республикалық туристік экспедиция ұйымдастырылды. Осы жобалардың жүзеге асырылуына барлығы 22 мың адам өз үлестерін қосты.
Ал, «Рухани қазына» бағдарламасы бойынша «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» атты базалық бағытта «Ақмола облысының кадастрлық тарихи-мәдени нысандары және геоақпараттық картографиялық қамтамасыз ету» жобалары жүзеге асырылды. Осы ретте, «Ауылым – алтын тұғырым» фотосуреттер, құжаттар арқылы еске алулар, «Жас Ғабдуллиншілер» клубының республикалық слеті, «Алаштың алтын шаңырағы» этнофестивалі, «Жалғыз болу міндет емес», мүмкіндіктері шектеулі инклюзивтік білім алатын балаларға арналған жоба, тағы басқаларын айтуға болады. Сонымен қатар, жергілікті меценаттардың көмегімен сакральдік сипаттағы нысандардан Уәли ханның мазарын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Оған қоса, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспонаттары толықтырылып, ЗD форматында жаңартылды.
– «Қазақстанның 100 сакральдік география орындары» тізіміне біздің өңірден қанша нысан енді?
–Бізде арнайы «Сакральдік география» жобасын іске асыру бойынша аймақтың киелі жерлерінің альбомы шығарылды. «Қазақстанның 100 сакральдік орындары» тізіміне 3 жоба мен 10 нысан енген болатын. Олар: Ерейментау ауданындағы «Құмай» ескерткіші, Целиноград ауданындағы «Қабанбай батырдың» бейіт мазары және «Абылай ханның ордасы». Оның өзі 4 нысаннан тұрады: Көкшетаудағы Абылай ханның ескерткіші, Бурабайдағы Абылай хан алаңы, Кенесары үңгірі, Абылай ханның кешендік резиденциясы. Сондай-ақ, сакральдік орындардың энциклопедиясын шығаруға 4 аймақ таңдалды. Оған біздің облыс та енді.
Бүгінгі күні Ақмола облысының сакральдік орындарының материалдары жинақталып, республикалық «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығына жіберілді.
– Ал, енді өзіңіз жоғарыда айтқан «Атамекен», «Ақпарат толқыны» бағыттары бойынша облысымызда атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсеңіз.
– «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ынтасымен аймақта қайырымдылық шараларын ұйымдастыру мақсатында «Қайырымды ел – Ақмола» жобасы жүзеге асырылды. Нақтылы деректер бойынша айтсақ өткен жылы 382 қайырымдылық шаралары өткізілді. Мүгедектер мен қарт адамдарға, сырқат балаларға материалдық көмектер көрсетілді. Сөйтіп, қайырымдылықтың базасы қалыптастырылды. Оның құрамына 848 меценаттар және қайырымдылық жасаушы тұлғалар енді. Осының нәтижесінде, 69 ұйым үнемі қайырымдылықпен айналысатын болады.
Осылардан басқа «Ақ ниет – ізгілік шуағын төгейік!» жобасын жүзеге асыру жоспарланып, аталған жоба шеңберінде волонтерлер арқылы әлеуметтік аз қамтылған тұрғындардың балаларына көмектер көрсетіледі. Сондай-ақ, «Жаңғыру – жаңа биіктердің бастауы» атты 8 инфрақұрылымдық жоба қолға алынды. Осыған қатысты Жарқайың ауданында «Костычево» серіктестігінің еншісіндегі халық шығармашылық мәдени орталығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ал, Целиноград ауданының Зеленый Гай селосында «Родина» серіктестігі шығармашылық және демалыс үйіне жөндеу жұмыстарын жасады. Атбасар ауданының «Шыңғыс» серіктестігі және «Петров» шаруа қожалығының меценаттары, Бурабай ауданы, «Ақ бидай-2020» серіктестігі және Есіл ауданының кәсіпкерлері мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базаларының толығуына өз үлестерін қосты. Осы бағытта барлығы 57 жоба нәтижелі атқарылды.
Президенттің мақаласын жан-жақты түсіндіру жұмыстары шеңберінде елімізде тиесілі ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, «Ақпарат толқыны» бағытында арнайы сарапшылар, журналистер және блогерлер шақырылып, семинарлар мен кездесулер өткізілді. Облыстық «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасында мемлекеттік және орыс тілдерінде арнайы жобалар бастау алды. Нақтырақ айтсақ, облыстың танымал тұлғалары жөнінде «Сәттіліктің 1001 тарихы», «Жәдігерлер жаңғырығы», «Сахна сиқыры», «Көкше қаламгері», «Сап түзе», «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты танымдық бағдарламалар көрермендеріне жол тартты. Сонымен қатар, облыстық телеарнада, әлеуметтік желілерде, Көкшетау қаласының Led-экрандарында 5 тақырыптық бейнероликтер дайындалды. Ал, әлеуметтік желілерде, фейсбукте «Ақмола облысының рухани жаңғыруы», «Сакральдік география», «Ұлы даланың жаңа есімдері», «Мәдениет жанашыры», «Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім кеңесі» беттері қолданыста болды.
Бейне хостингте Ақмола облысының рухани жаңғыруы «Youtub.com» арнасы ашылды, оған үнемі бейнефильмдер орналастырылады. Жалпы алғанда, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында 7720 материал жарияланды. Тақырыптық баннерлерді визуалды ресімдеу бойынша жұмыстар да жүргізілді. Аймақта 80-нен астам билборд, 120-дан аса баннерлер, 35 брэндмауэрлер орнатылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға азаматтық қоғам институттарын да жұмылдырдық. Өткен жылы «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік тапсырыс аясында «дөңгелек үстелдер», «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Рухани жаңғыру – ұлтты ұйыстыратын ұлы құндылық» ғылыми-практикалық конференциясын талқылау бо-йынша кездесулер ұйымдастырылды.
Оған қоса, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Аймақтық жобалық офистің жұмысын ұйымдастыру бағытында «Туған жер» бағдарламасы бойынша атау-лы жұмыстар атқарылды. Ең бастысы, осы аталған бағдарламаға тұрғындар қолдау көрсетіп, олар бүгінгі таңда осы істің мән-маңызын түсіне отырып, атқарушы органдармен бірлесіп өз белсенділіктерін танытты.
Біздің кең байтақ Отанымыздың өзіндік ерекшеліктері мен құндылықтары өзіне төрткүл дүниенің назарын аудара алады. Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы осыны дәйекті түрде жүзеге асыру тұрғысынан жан-жақты талқылау мен зерделеуді қажет ететін маңызды құжат болып табылады. Бұл жерде немқұрайлылық пен дүмбілездік орын алмауы тиіс. Өйткені, біз қолға алып жатқан мәселе ұлтымыздың болашағы мен рухани әлеуетіне тікелей қатысты. Түптеп келгенде, бұл – прогресс пен дамудың алмағайып кезеңінде Қазақстанның рухани, экономикалық және технологиялық жаңғыруының идеологиялық негізі.
Біз, қазақ ұлты рухани жаңғыру арқылы өркениетті әлемнің ажырамас бөлігіне айнала түсеміз. Тарихи таңдауымыз бізге осыны міндеттейді.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбатты жүргізген Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар