Бес бастаманың маңызы зор

Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ассамблеяның 26-ыншы сессиясының тақырыбын «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деп таңдап алуы өте орынды деп білемін. Себебі, бүгінгі таңда бес әлеуметтік бастама еліміздегі маңызды бағдарламалардың бірі. Барлық мемлекеттік мекемелер осыған бетбұрыс жасап отыр.
Сол сияқты, Қазақстан халқы Ассамблеясының да басты қызметі бес бастамада көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Мен облысымыздан осы сессия жұмысына қатысып отырған делегаттардың бірі ретінде, сессияда Елбасының жүктеген тапсырмаларын өз этномәдени бірлестігімнің жұмысы арқылы іске асыруым керектігін жақсы түсінемін және соған бар күш-жігерімді салатын боламын.
Қазіргі таңда облысымызда «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында біраз игілікті істер қолға алынып жатқаны қуантады. «Әрбір отбасына бас-пана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бірінші бағыты аясында 22 мыңнан астам ақмолалық қолжетімді баспанаға үміттене алады. Мәселен, үстіміздегі жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 16 жалға және 12 несиеге берілетін тұрғын үй салынады. Бұл өткен жылғыдан 2,5 есеге жоғары. Бұл деректерді жуырда облыс әкімі Мәлік Мырзалин этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесуінде атап өткен еді.
Екінші бастама – «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» мақсатында да бірталай жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, 2022 жылға дейін облыс аумағында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 2870 орынға лайықталған 11 жатақхана салу жоспарланған.
Осы істердің барлығында да Ассамблея мүшелері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесіп жұмыс істейтініне мен сенімдімін.
Александр АРТЕМЕНКО,
«Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар