«Қызыл Там» (Ахмет) кесенесі

«Қызыл Там» (Ахмет) кесенесі Жарқайың ауданы Далабай ауылының оңтүстік-батысына қарай Есіл өзенінің оң жағалауы беткейіндегі аудан орталығы Державинск қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан.
Бұл кесенені саудагер Ахмет Танкеевтің тапсырмасымен Тұрабай мен Рпайлар салған. Қабырғалары саз балшықты кірпіштен көтеріліп, екі жағынан күйдірілген кірпіштермен қапталған. Кесененің бас порталы күмбезі ретінде көтерілген бұл кесененің ені 6,3, ұзындығы 6,7, биіктігі – 7,15 метр. Қабір үсті мен еден асты кірпіштері үгітіліп, кесене бұзылуға айналған.
Аңыз бойынша бір күні Ахмет бай ұйқыдан тұрмай қалған деседі. Ағайын- туыстары байды өлдіге санап, мазарға жерлейді. Бірнеше күн өткеннен кейін, Ахмет байдың жерленген орнынан бір дауыс естілсе керек. Жұрт қабірін ашса, Ахмет тірі екен. Шошынған жұрт мұны сайтанның тіріліп тұрғаны деп ойлап, сол арада өлтіреді. Торғай даласының ең ықпалды, беделді адамдарының бірі болған осы Ахметке кейін мазар салынды. Біз өмір сүріп жатқан кезеңге дейін мазардың кірпішінде арабша жазылған «Алла» деген жазуы сақталған.
Жарқайың ауданының аумағында әлі күнге дейін Ахметтің ұрпақтары өмір сүреді. 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің археология кафедрасының доценті Д.Н. Қалиевтің жетекшілігімен зерттеу жүргізген археологиялық экспедиция бұл кесенені 18 ғасырдың мазары екендігін анықтады.

 

«Qyzyl Tam» (Ahmet) kesenesі

«Qyzyl Tam» (Ahmet) kesenesі Jarqaıyń aýdany Dalabaı aýylynyń ońtústіk-batysyna qaraı Esіl ózenіnіń oń jaǵalaýy betkeıіndegі aýdan ortalyǵy Derjavınsk qalasynan 25 shaqyrym jerde ornalasqan.
Bul kesenenі saýdager Ahmet Tankeevtіń tapsyrmasymen Turabaı men Rpaılar salǵan. Qabyrǵalary saz balshyqty kіrpіshten kóterіlіp, ekі jaǵynan kúıdіrіlgen kіrpіshtermen qaptalǵan. Kesenenіń bas portaly kúmbezі retіnde kóterіlgen bul kesenenіń enі 6,3, uzyndyǵy 6,7, bıіktіgі – 7,15 metr. Qabіr ústі men eden asty kіrpіshterі úgіtіlіp, kesene buzylýǵa aınalǵan.
Ańyz boıynsha bіr kúnі Ahmet baı uıqydan turmaı qalǵan desedі. Aǵaıyn- týystary baıdy óldіge sanap, mazarǵa jerleıdі. Bіrneshe kún ótkennen keıіn, Ahmet baıdyń jerlengen ornynan bіr daýys estіlse kerek. Jurt qabіrіn ashsa, Ahmet tіrі eken. Shoshynǵan jurt muny saıtannyń tіrіlіp turǵany dep oılap, sol arada óltіredі. Torǵaı dalasynyń eń yqpaldy, bedeldі adamdarynyń bіrі bolǵan osy Ahmetke keıіn mazar salyndy. Bіz ómіr súrіp jatqan kezeńge deıіn mazardyń kіrpіshіnde arabsha jazylǵan «Alla» degen jazýy saqtalǵan.
Jarqaıyń aýdanynyń aýmaǵynda álі kúnge deıіn Ahmettіń urpaqtary ómіr súredі. 2003 jyly L.N.Gýmılev atyndaǵy Eýrazııa ulttyq ýnıversıtetіnіń arheologııa kafedrasynyń dotsentі D.N. Qalıevtіń jetekshіlіgіmen zertteý júrgіzgen arheologııalyq ekspedıtsııa bul kesenenі 18 ǵasyrdyń mazary ekendіgіn anyqtady.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар