Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бектемір Сопы мазары - АРҚА АЖАРЫ

Бектемір Сопы мазары

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жасалған шаралардың нәтижесінде біздің Ақмола – Көкшетау өңірлері бойынша республикалық және облыстық киелі орындар тізімі жасалған болатын. Біз бүгін өз оқырмандарымызды Егіндікөл ауданы Бектемір Сопы мазарымен таныстырып отырмыз.

Сопы Бектемір кесенесі Жалманқұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 шақырым жерде, Егіндікөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 26 шақырымға қарай Қоскөл шатқалында орналасқан. Сопы мазары осы өңірдің өзіне тән жылқының, түйенің, ешкінің қылы және өсімдік тамырлары қосып иленген кірпішпен қаланған. Кірпішінің өлшемі – 31(32) х 8(10) см. Кесененің биіктігі – 5,7 м. Кесене оның сегіз қырлы үлгісін сипаттайтын тікбұрыш түріндегі пирамида тәрізді жабылған. Кесененің үстіңгі жабынының пішіні қызығушылық тудырады. Қолшатыр тәрізді күмбездің жайылған бөлектері сегіз қырлы негіздің үстінде төбе бөлігінде жоғары көтерілген сфералық-конустық күмбезшелермен жалғанған. Әр қырдың ортасында жер деңгейінен 1,8 метрге жуық биіктікте (18 қатар кірпіш) биіктігі 35-40 шағын ойықтар. Кесене камерасының сегіз қырлы күмбез асты көлемінің ішіне үшқалақты арка түріндегі үстіңгі жабыны бар тар дәліз апарады.
Бектемір уағыз айтушы, дін танушы қызметімен айналысқан. Бектемір Сопы өмірден өткен соң, оның құрметіне мазар тұрғызылған болатын. Камераға жарық қырлардағы ойықтардан және күмбездегі төбе саңылауынан түседі. Қабір үсті сақталмаған. Мазар маңында тал өсіп тұр, ағаштың сабақтарына келген адам ақ шүберек бойлап кетеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар