Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бәріміз бірге өмір сүреміз!» - АРҚА АЖАРЫ

«Бәріміз бірге өмір сүреміз!»

Тәуелсіз Қазақстанның 26 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Алғаш рет Қазақстанда адамзат тарихында тұңғыш рет барлық дін өкілдері, қоғамдық діни ұйымдардың өкілдері бас қосқан конгрестің 18 қазан күні өтуі кездейсоқтық емес. 1893 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласында осындай съезді шақыру талпынысы болған еді. Сол күні съездің қатысушылары 18 қазан күнін Рухани келісім күні деп жариялауға шақырған манифес қабылдады. Сол кезден бастап Қазақстанда 18 қазан Рухани келісім күні ретінде тойланады.
Шындығында елде саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудың күрделі кезеңінде Одақтың құлдырауы, экономикадағы қиындықтардан шығу жолын тапқан Елбасымыздың көрегендігін айтпау мүмкін емес. Біздің елімізде 130 этнос пен 20-дан астам конфессия өкілдері тату-тәтті, бірге өмір сүреді.
Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісін жасады. Біздің ел достық, төзімділік пен стратегиялық мақсаттарға бірлескен жетістіктерге негізделген этносаралық және конфессияаралық келісімнің өзіндік моделін тауып және оны табысты жүзеге асыруда.
Біздің ұранымыз: «Әртүрліліктегі бірлік» ортақ мұратымызға айналды, ал, этникалық топтар арасындағы келісім біздің басты жетістігіміз, Қазақстанның символы, еліміздің табысты әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуының негізгі кепілі.
Рухани келісім күні Қазақстан халқының дәстүрлі моральдық құндылықтарына айналуы үшін еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық, толеранттылық пен рухани келісім идеялары күшейе түсуі керек. Рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Бізде өмір сүретін этностардың ауызбіршілігі мен төзімділігі қазақстандықтардың егемендік жолындағы күрделі кезеңдерден өтуіне жәрдемдесті.
Қазақстан тұрақтылықты еуразиялық кеңістікте ғана сақтап қалуға тырыс-
пайды, сонымен қатар, бүкіл әлем діндері өкілдерінің арасында жаһандық құрылымдық сұхбат құру бастамасын алға тартады. Бізде дін бостандығы жарияланған және кез-келген адам өзіне жақын дінді таңдай алады. Бірақ, ең бастысы, ол – адамдардың тағдырын өзгертпеуі, мемлекеттік саясатқа қарсы болмауы, мінезін бұзбауы тиіс. Қазіргі кезде діннің ахуалы діни бірлестіктердің ұдайы өсуімен ғана емес, діни құрылымдардың белсенділігімен де сипатталады. Ал, олардың қызметі бір мағыналы емес. Діни ағымдардың әр алуандылығына қарамастан, Қазақстанда конфессияаралық қайшылықтардың пайда болуы әбден мүмкін. Сондықтан, қазақстандық ішкі саясаттың бас-
ты міндеті этносаралық келісімді, діни төзімділікті, конфессияаралық сұхбатты сақтап, нығайту ғана емес, діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Олай болса, біздің негізгі діни мерекелеріміз – Құрбан айт пен Рождество мереке күндері болып белгіленуі кездейсоқтық емес. Әртүрлі конфессиялық, этникалық топ өкілдерінің бірлесіп өткізген іс-шаралары қатарында Достық үйіндегі Наурыз мейрамы, «Фрохе Ostern» пасхалық-театрлық фестивалі, «Мен яратам сине, Көкшетау!» фестиваль-концерті, «Масленница» халықтық фестивалі, «Терендес» халықтық мерекесі және тағы басқалары бар.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-
дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлемдік дәстүрлі діндер лидерлері съезінің маңызы да атап өтілді. Бұл біздің мемлекетімізге және конфессияаралық келісімге деген сенімнің символы болып табылады. Елбасы атап өткендей, қазіргі кездегі бейбітшілік, әсіресе, этникааралық келісімнің бағасы өлшеусіз.
Біздің Ақмола облысында 100-ден астам өзге ұлт өкілдері өмір сүреді және 53 этномәдени бірлестіктер тіркелген. Олар аймақтың әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына белсенді түрде қатысады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде сөйлеген сөзінде Елбасы: Қасиетті Құранда: «Егер кімде-кім бір адамды өлтірсе, онда ол адамзаттың бәрін өлтіргені. Сондықтан, барлық адамдармен бейбіт өмір сүріңдер, дегенді айтқан болатын.
Үнді Упанишадтарында адам сөзіне деген жауапкершілік былай сипатталады: «Жүзі кесілген кезде, әлемді сілкіндіреді». Шынайы сенім – адамды бірлікке және жақсылыққа шақыратын жалғыз жол. Бұл шындық мәңгілік және солай болып қалмақ.
Барша ақмолалықтарды Қазақстандағы Рухани келісім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке ниет тазалығына, адамгершілікке және бүкіл әлемде толеранттылыққа ықпал ететін бірден-бір мереке!

Ринат ГАЛЛЯМОВ,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы
хатшылығының басшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар