Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Рухани келісім – ел бірлігінің бастауы - АРҚА АЖАРЫ

Рухани келісім – ел бірлігінің бастауы

Міне, 26 жылдан бері тәуелсіз елімізде тамаша мейрам – Рухани келісім күні аталып өтіп келеді. Бұл – Қазақстанды мекендейтін ұлтына, дініне қарамастан, барлық азаматтарды тұрақтылық пен бірлікке, татулыққа ұйыстыратын бірегей мейрам. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен рухани келісім көшбасшыларын жинаған Дүниежүзілік Рухани келісім конгресін өткізетін алаңға айналған біздің еліміз сол 1992 жылдан бастап 18 қазанда Рухани келісім күнін атап өтуде.
Осындай алғашқы форум 1893 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласында осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын өткенін еске салғым келеді. Содан кейін жүз жылға жуық, нақтырақ айтсақ, 99 жыл өткенде 1992 жылы Алматыда Дүниежүзілік Рухани келісім конгресі өтті. Оған шет елдерден белгілі танымал дін қайраткерлері келді. Конгреске қатысушылар шара қорытындысы бойынша бұл күнді әлемдегі қарулы қақтығыстарға мораторий жариялап, татуласу жолдарын іздеу күні деп жариялауды ұсынды.
Содан бері елімізде 18 қазан Рухани келісім күні ретінде аталып өтіп келеді. 2001 жылы Астанада тұңғыш рет әлемнің дәстүрлі діндері көшбасшыларының съезі өтті. Оған түрлі конфессия өкілдері қатысып, діни ұстанымына, көзқарасына, ұлты мен нәсіліне қарамастан, әлемнің барлық елдерінің бірлік пен татулықта, келісімде өмір сүруі қажеттілігі жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды. Съезд жұмысының қорытындысы бойынша үш жыл сайын осындай дін көшбасшылары құрылтайларын Астанада өткізіп тұруға шешім қабылданды. Сөйтіп, осы кезеңнен бастап әлем дәстүрлі діндері көшбасшыларының съездері Астанада тұрақты өтіп келеді. Биылғы жылдың 10-11 қазанында кезекті 6-шы съезд өтіп, онда негізінен дінаралық қақтығыстарға жол бермеу, татулық пен бірлік мәселесі талқыланды.
Қазақстанның қазіргі күні әлемде дінаралық, ұлтаралық татулық пен бірліктің үлгі тұтар мекені болып отырғаны жасырын емес. Бұл бағытта өзге елдердің бізден үйренері көп десек, артық айтқандық болмас. Елбасымыз түрлі алқалы жиындарда дінаралық келісім мәселесіне ерекше көңіл бөліп отырады. Дін туралы заңымыз уақыт талабына сай толықтырылып, өзгерістер енгізілді. Осыған орай, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында шет елдерден ағылған күмәнді ағымдарға шақыратын миссионерлердің жұмысына тосқауыл қойылып, қатерлі ағымдар қызметтерін тоқтатты.
Біздің облысымыздың аумағында тіркеліп жұмыс істеп жатқан 196 діни бірлестік болса, олардың 97-сі Ислам діні, 44 – православие, 11 – католик, 43 – протестанттық және 1 дәстүрлі емес Бахай діні өкілдері. Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеуден бас тартып отырған христиан-баптистердің 10 қауымдастығы бар. Оларға ескертіліп, бұл заң бұзушылық екендігі айтылды. Заң бұзушылар құқық қорғаушылар тарапынан әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қазіргі күні заң бойынша тіркеліп жұмыс жасап жатқан 77 миссионер бар. Олардың арасында 17 – Польша азаматтары, 5 – Филиппин, 5 – Ресей және 50 қазақстандық миссионерлер бар. Құзырлы орган ретінде біз миссионерлердің өз жұмыстарын заң шеңберінде жүргізуін қадағалаймыз. Жыл басынан бері миссионерлерді тіркеу және қайта тіркеу бойынша 70 куәлік берілді.
Қазіргі күнгі еліміздің ішкі тыныштығына қатер төндіретін Ислам дінінің дәстүрлі емес ағымдары, нақтырақ айтқанда, сәлафизм ағымы болып отырғанын атап өткен артық болмас. Осы орайда, құзырлы орган ретінде біздің тараптан, мешіттер тарапынан жастарымызды қатерлі ағымға еніп кетуден сақтау бағытында мақсатты жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері дін тақырыбында жергілікті және республикалық ақпарат құралдарында 1591 материал жарияланды. Тарата айтар болсақ, 434 мақала жарияланып, 69 телехабарлар көрсетілді және 1088 материал интернет-ресурстарға орналастырылды. Жыл басынан бері дін істері басқармасының сайтында 152 материал орналастырылды.
Қатерлі ағымдарға қарсы насихат жұмыстарына «Насихат» орталығы белсене атсалысады. Қазіргі күні түрлі мекемелер мен оқу орындарында, одан қалды түзеу мекемелерінде тәжірибелі теологтар барып, кездесулер өткізіп тұрады. Жүргізілген осы жұмыстардың нәтижесінде қазіргі күні облысымыздағы діни ахуал біршама тұрақты болып отыр.
Ел тыныштығы – қазіргі таңда еліміздің басты байлығы және мемлекеттік маңызы бар мәселе болып отырғаны белгілі. Осы орайда, адамдарды дініне, ұлтына, нәсіліне қарамай бірлік пен келісімге шақыратын жыл сайын аталып өтетін Рухани келісім күні мерекесінің орны ерекше.

Болат ҚАСЕНОВ,
Ақмола облыстық дін істері басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар