Монтай батыр бейіті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жасалған шаралардың нәтижесінде біздің Ақмола – Көкшетау өңірлері бойынша республикалық және облыстық киелі орындар тізімі жасалған болатын. Біз бүгін өз оқырмандарымызды Зеренді ауданындағы Монтай батыр бейітімен таныстырып отырмыз.

Зеренді ауданына қарасты Молодежный ауылының маңында Монтай батырдың бейіті орналасқан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Монтай өзінің батырлығымен және батылдығымен елін қорғап, ұлы Абылай ханның адал досы болған. Монтай батыр атығай руынан, Абылай ханның қасында болып, туын ұстаған және ханмен бірге болуды үлкен абырой санаған. Ташкентте болған соңғы жорығында Абылаймен бірге жүріп, ханның ақ туын ұстаған Монтай батыр онымен барлық қиындықтарды, қауіптерді бөлісе отырып, елдің рухын көтерді. Талай шайқастарда Монтай батырдың ерлігіне риза болған Абылай хан оны жоғары бағалаған. Көптеген аңыздар батырдың есімімен байланысты болып келеді.
Осы күні жергілікті тұрғындар оның қабірінің басына жиналып, жиі құран оқып, есімін құрметпен еске алып отырады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар