Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Асат Алпысұлы мазары - АРҚА АЖАРЫ

Асат Алпысұлы мазары

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жасалған шаралардың нәтижесінде біздің Ақмола – Көкшетау өңірлері бойынша республикалық және облыстық киелі орындар тізімі жасалған болатын. Біз бүгін өз оқырмандарымызды Зеренді ауданындағы Асат Алпысұлы жайлы деректермен таныстырып отырмыз.

Зеренді ауданы ежелден танымал адамдарға бай болған. Солардың ішінде Асат Алпысұлы да бар. Ол Жәрмеңке-Барақ руынан шыққан.
Тарихи деректерге сүйенсек, Асат 1827 жылы Қарашілік ауылына жататын, жоғарыда аталған рудың адамдары мекендеген қазіргі Кішітүкті орман шаруашылығы орналасқан жерде дүниеге келген. Аталмыш ауылда болыс болып, осы күнге дейін ағып жатқан бұлақтың көзін ашқан көрінеді.
Бүгінде «Асат ата бұлағы» деп аталатын осы шағын ағынды су елді мекенге ерекше сән беріп тұрғандай. Одан әріректе болжаммен осы тарихи тұлға жерленген жер қоршалып, басына мазар орнатылған. Асат Алпысұлы туралы көптеген тарихи деректер сақталған. Олардың
арасынан қазақ жеріне Ресейден қоныс аударушылар келе бастаған кездегі мына оқиғаны айтуға болады. Болашақ жер іздеген Омбының генерал-губернаторы аталған елді мекенге келгенде, өзге ұлтты көрмеген жергілікті тұрғындар жан-жаққа қашады.Тек Асат ата ғана еш қаймықпастан оларға қарсы шығады. Көпшіліктің алдында келе жатқан әскерилердің біреуіне оның батылдығы ұнамай, қамшымен тартып өтпекші болады. Асат ата оның қамшысын жұлып алады. Басқалары қол көтере бастағанда генерал-губернатор қолын көтеріп тоқтатып, тілмәш арқылы кім екенін сұрайды. Жағдайды сұрап-білген генерал Асат атаның тегін кісі еместігін түсініп, бұл жерге станица салудан бас тартады. Есімдері аталған осы екі тұлғаның арасында кейіннен достық қарым-қатынас пайда болып, ол ел тыныштығын сақтауға үлкен әсер етсе керек.
Асат Алпысұлы 1875 жылы қайтыс болады. Ол – болашақ ұрпақ үшін есте сақтауға лайық тұлға.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар